Мұғалімдердің құқығын қорғайтын арнайы заң қабылдамайынша, ұстаздардың беделін арттыра аламыз ба?


Ирина СМИРНОВА, республикалық мұғалімдер мен оқытушылардың құқығын қорғайтын «Ар-намыс» қоғамдық ұйымының Алматыдағы бөлімшесінің төрайымы:
– Қазір мұғалімдердің беделінің төмендеп кеткені соншалықты, егер ұстаз бір балаға «2» қойса, ата-ана мектепке келіп, оқытушыға да, мектеп директорына да балағат сөздер айтып, қоқан-лоқы көрсетіп кететін жағдайлар тым жиілеп кетті. Өзім осы қаладағы №48 мектеп-лицейдің директорымын. Қарапайым мысал: мамыр айында біз 9-сыныптың оқу­шыларынан емтихан алдық. Емтиханды өткізу комиссиясының төрайымы ретінде, сол сы­наққа бақылау жүргізгенімде көп баланың телефон, шпаргалка қолданып отырғандарын көр­дім. Оқушылардың қолынан барлық шпаргалка мен телефонды жинап алып, емтихан қоры­тындысын тексергенімде, қатты таңғалдым. 27 оқушының 23-і «2» алды. Мұның себебін анықтағанда, мұғалімдер оқушылардың шпаргалка қолдануына рұқсат беруге мәжбүр екенін білдім. Осы мәселемен күресемін деп қазір мен ата-аналардың көзіне күйік бол­дым. Ата-аналар менің артымнан арыз ұйымдастырады, жоғарғы жаққа шағым түсі­реді, тіпті маған келіп, қоқан-лоқы көрсететін болды. Міне, осындай жағдайда мұға­лім­дердің құқығының қорғалмайтындығына көзім анық жетті. Кейін бұл даудың арты сотқа ұлас­ты. Ата-ананың мені қорқытып-үркіт­кендігінің бәрі бейнебақылауға түсірілген. Ол ма­ған ашуланып ұрсып, аузына келгенін ай­та берген соң, полицей шақырдым. Ақыры құқық қорғаушыны шақырғаным үшін өзім кінәлі болдым. Әкімшілік сот істі неше рет қа­рап, соңында бұл дау аяқсыз қалды. Сонда ата-аналардың мектепке келіп, ұстаздарға боқауыз сөз айтуына осылайша немқұрайды қарап отыра береміз бе?!


Марианна ГУРИНА, «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті:
– Мен бұл сұраққа ата-ана ретінде жауап беретін болсам, тек мұғалімдер құқығын ғана емес, ата-ана, ұстаз, оқушы арақатынасын да заң бойынша нақты айқындау керек дер едім. Заң шығарушы органдар «Білім туралы» Заңға толықтырулар енгізіп, білім беруде мұ­ға­лім­нің құқығы қандай болуы керек, оқушының құқығы қалай, ата-ананың құқығы қалай реттелуі тиіс – осының бәрін толық жазып көрсеткені жөн. Әйтпесе, мен қазір баламды мектепке жіберуге қорқамын. Кейбір білімсіз ұстаздар оқушыға қысым жасайды, ұрсады, ұрады. Мек­теп­ке жиналатын ақшаны уақытында әкелмесе, баланы оқушылардың көзінше кемсітеді. Осының салдарынан ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы байланыс қиындап кетті. Қа­зір ата-аналар алқасы мектепке тек ақша жинау үшін ғана керек секілді болып қалды. Сондықтан ата-аналардың бала­ларын мектепке бере отырып, қандай құқықтарға ие екен­дігін айқындап алуымыз керек.


Маргарита ӨСКЕМБАЕВА, Қазақстандағы тең құқық пен мүмкіндіктер институтының директоры:
– Өкініштісі сол, біз балаға көп көңіл бөлмейміз. Ата-ана да, мұғалімдер де баланың сөзін сөйлеген секілді болып тұрады, алайда шындап қарасаңыз, үлкендердің екі жағы да баланың емес, жеке басының қамын күйттейді. Мұғалімдер өз құқығын, ата-ана өз құқығын айқындағысы келеді. Бізге екеуі­нің де емес, ең бастысы, баланың білім алу құқығы бұзылмағаны керек. Ата-ана мен мұғалім үшін бала жапа шекпеуі тиіс. Бұл жерде қоғамның келеңсіздіктерінен баланы ата-ана да, мұғалім де, штаттағы психолог та, департамент те, құқық қорғау органдары да, жасөспірімдер тәрбиесімен айна­лы­са­тын мемлекеттік органдар да – барлығы өз дең­гейінде қорғауға міндетті. Біз бірігіп жұмыс істемей, нәти­жеге қол жеткізе алмаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста