Мелиорация және су шаруашылығы агенттігін құру қажет пе?

 

Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламентінің Сенат депутаты:

– Еліміздегі ең үлкен су тұтынушы – Ауыл шаруашылығы министрлігі, ал ол су қорының 60 пайызын егістікті суару мақсатында пайдаланады. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы бақылау, рұқсат беруге жауап беретін мемлекеттік орган Су комитеті де осы министрліктің қарамағында. Бұл – парадокс. Осы тұрғыдан алғанда, еліміздегі трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануы, халықаралық мәселелерді көрші елдердің үкіметінің мүшелері деңгейінде араласып, халықаралық жобаларды іске асыру секілді су пайдаланудың стратегиялық мәселелерін тікелей Үкімет алдына қойып отыратын жоғары билік құрылымында Мелиорация және су шаруашылығы агенттігін құратын және оның вертикальды жүйесін жасайтын уақыт жетті. Бүгінде елімізде суармалы жерлерді пайдаланудың тиімділігі туралы нақты деректер жоқ. Сондықтан республикалық ақпарат агенттігінің статистикалық мәліметтерінде суармалы жерлердің жағдайын облыстар бойынша көрсететін ақпараттар қамтылуы тиіс. Бұдан бөлек, бұрыннан айтылып жүрген Мелиорация туралы заңның аса қажеттігін тағы да баса айтқым келеді. Аталған заңда жерді мелиорациялау бойынша мемлекеттік органдар мен жер пайдаланушылардың жауапкершілігі, су шаруашылығына қатысты мемлекеттік реттеу шаралары қарастырылуы тиіс. Бұдан басқа, заңда мелиорация жұмыстарын жүргізетін кадрларды дайындау мен қайта дайындау мәселелері де қамтылуы қажет.

Амангелді МОМЫШЕВ, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты:

– Әрине, қажет. Мұндай ұсынысты өз басым бұрыннан айтып жүрмін. Қарап отырсақ, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанда Су шаруашылығы министрліктері бар. Ал бізде Су комитеті Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты. Сондықтан Сенатта мұндай мәселенің көтерілгені дұрыс. Себебі бізде суға қатысты мәселе көп. Көксарайдың өзінде қазір қаншама жұмыс жүргізіліп жатыр. Тағы бір ескеретін жайт – осы уақытқа дейін суды қалай болса, солай пайдаланып келдік. Енді баяғы заман болмайды. Әсіресе оңтүстік өңірлерде, Қырғызстан, Өзбекстанмен шекаралас облыстарда су мәселесі аса өзекті.

Марат СӘРСЕНБАЕВ, заң ғылымының докторы:

– Мелиорация деген, аты айтып тұрғандай, жер және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында гидрогеологиялық, топырақ және агроклиматтық жағдайларды жақсартуға бағытталған ұйымдастыру-шаруашылық және техникалық шаралардың жиынтығы. Бізде суармалы жерлерге байланысты түйткіл көп. Жалпы, елдегі су мәселесі – өткір мәселелердің бірі. Сондықтан әлгіндей агенттік құрудың қажеттігі бар деп ойлаймын. Тіпті тәжірибе ретінде құрып көрсек қайтеді? Ал егер жұмысы өрге баспай жатса, оны кез келген уақытта жауып тастауға болады. Сондықтан су шаруашылығы агенттігін құрып, қажет-қажет еместігіне көз жеткізіп көру керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста