Фарида Сәбішқызы, Алматы қаласындағы №128 орта мектептің директоры:
– Менің ойымша, мұндай ұйымдар міндетті түрде қажет. Себебі мұндай ұйымдар жаңадан қалыптасып келе жатқан жасөспірімдердің әлеуметтену үрдістеріне өз ықпалын тигізетіні сөзсіз. Қазіргі кезде көптеген орта мектептерде осындай ұйымдар құрылып, өз жұмыстарымен айналысып жатыр. Деңгейі кеңестік кездегідей болмаса да, біздің мектепте «Азамат» өзін-өзі басқару ұйымы құрылған. Аты айтып тұрғандай, ол мұғалімдердің тікелей тапсырмасымен емес, өздігінен жұмыс істейді. Бұл ұйым тәрбиелік-идеологиялық жұмыстарды жіті қадағалап отырады. Олардың өздерінің сайлаған президенті, парламент мүшелері бар. «Азамат» балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты үш буыннан тұрады. Талаптары да қатаңдау. Ұйымға бұрынғы кеңестік кезеңдегідей оқу үлгеріміне, тәрбиесіне байланысты қабылданады. Ұйым қатарына қабылдау рәсімі жылына бір рет өткізіледі. «Пионер», «комсомолдың» қазіргі заманға лайықталған түрі десем де болады. Өйткені жалпы жүйесі сақталған. Осындай ұйымдардың, әлбетте, тиімділігі бар. Сондықтан кеңестік жүйедегі тағылымы мол, жақсы қасиеттерді жаңғыртуды толық қолдаймын.
Жарқын Серкеев, «Көкіл» орта мектебі тәрбие ісінің меңгерушісі:
– Дәл қазіргі уақытта ондай ұйымдар орта мектептерге ауадай қажет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мектептерде «Атамекен» т.б. ұйымдар құрылғанымен, олар дәл «пионер», «комсомолдар» сияқты жұмыс істей алмады, яғни жалпыұлттық сипатқа ие бола алған жоқ. Қазір бірді-екілі мектептерде өзін-өзі басқару ұйымдары бар. Олар өздерінің қал-қадерінше жұмыс істеп те жатыр. Ал жекеменшік мектептерде мүлде жоқтың қасы. Сондықтан ұйымдардың құрылуы мемлекеттік деңгейге көтеріле алмай келеді. Білім және ғылым министрлігінде осындай ұйымдарды құру жөнінде тұжырымдамалар бекітіліп, орта мектептердің бағдарламаларына жаппай енгізгенде ғана біз құрылып жатқан ұйымдардың деңгейін, беделін көтере аламыз. Ал қазіргі жағдайды мемлекетте, қоғамда нақты анықталған идеологияның болмауынан деп түсінемін.
Алмасбек Нұғманов, «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Қазіргі таңда елімізде жастар саясатын жүргізудің бағдарламалары болғанымен, мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеудегі жоспарлар жоқтың қасы. Кеңестік кезеңдегідей болмаса да, жеткіншектерге бағыт-бағдар беретін ұйымдар керек. Студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтары қоғамдық бірлестігі осы тұрғыда арнайы жоба да жасаған. Бұл жоба бойынша, бірінші сынып пен бесінші сынып арасындағы оқушылар арасында бұрынғы «октябрят» деген сияқты «отаншыл» деген ұйым құру көзделді. «Отаншылдардың» қатарға қабылданар кезіндегі анттарының мәтіні, арнайы төсбелгілерінің кескіні де дайындалды. Төсбелгінің ортасына тәуелсіздік монументі бейнеленіп, астына «отаншыл» деп жазылады. Ал алтыншы сынып пен он бірінші сынып оқушылары үшін «Жалынды жастар» ұйымын құру жоспарланған. Тиісінше олардың да анттары мен төсбелгілері, галстуктері жоба бойынша жасалды. Біз бұл ұсынысымызды жергілікті жерлердегі атқарушы органдарға табыстағанбыз. Әзірге қаржылай көмектің жоқтығынан бұл бастама қолдау таппай отыр. Менің ойымша, өтпелі кезеңде жеткіншектер мен бозбалалар өздерінің қоғамдағы орнын адаспай табуы үшін мұндай ұйымдар ауадай қажет.
Мектепте «октябрят», «пионер», «комсомол» тәрізді идеологиялық жұмыстармен шұғылданатын қазақстандық үлгідегі жаңа ұйым керек пе?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора