Сәдібек ТҮГЕЛ, «Менің Қазақстаным» атты экологиялық партия төрағасының орынбасары:
– Әрине, бұл – Астанадан да басқа қалаларымызға керек тәртіп. Сондықтан Астанадан бастау алған бастама басқа қалаларымызда да жалғасын тапса, дұрыс болар еді. Қала тұрғындарының мәдениеті қаланың тазалығымен өлшенеді. Соңғы кездері Алматы қаласы тұрғындарының да қала тазалығына деген көзқарасы нашарлап барады. Тұрғындардың осындай көзқарасының салдарынан әсем қаланың көркі көз алдымызда құрып барады. Мәдениеттің ордасы саналатын Алматы қаласының тұрғындарына бұл жараспайтын қылық екені анық. Мәселен, көбінесе сыра ішушілер бөтелкесін көшенің кез келген жеріне тастап кете барады немесе көшеде түкіріп, сағызын көше орындығына жапсыра салады. Бұл – үлкен надандық. Тұрғындардың өзі біліп, тазалық сақтауға мүдделі болмаса, айыппұл, бірнеше тәулікке қамау арқылы тәртіпке шақыру қажет. Сондай-ақ мұндай тәртіптік әрекеттерді енгізуге қоғамдық патруль қызметі өкілдерінің әлі келмейтін болса, экологиялық полиция құруымыз керек. Ең болмаса халқымыздың бойында экологиялық сана қалыптасқанша, экологиялық полицияның қызметіне жүгіну артықтық етпейді.
Шыңқуат БАЙЖАНОВ, заңгер:
– Жалпы, мен көше тазалығын сақтау мақсатында атқарылатын кез келген іс-шараны қолдаймын. Мәселен, шетелде тұтас қаланың көркіне мән береді. Көшені асфальттаған кезде шаң шығатындай саңылау қалдырмайды. Ал бізде тек көлік жүретін жолдарды асфальттау үрдіске айналған. Ал басқа жерлердің құмы, тасы, шаңы шығып, бұрқырап жата береді. Үлкен қалалардың өзінде осындай жағдай қалыптасқан. Оны көрген халық та ана жердің тасы шығып жатыр ғой деп, қолындағы шемішкесінің қабығын, қоқысын тастап кете салады. Сондықтан қала көркіне жауапты орындар халық қоқыс тастауға ұялатындай дәрежеде қаланы жылтыратып қойса, бұл тұрғындарға да әсер етер еді. Сондай-ақ көптеген қалада көшеде шемішке шағуға тыйым салған. Бізге де осындай тыйым артық болмайды. Және оларды әкімшілік жазаға тартып, айыппұл салу арқылы тәртіпке шақыруды қолдар едім.
Мақсат ЖАҚАУ, эколог:
– Көше тазалығын сақтау мақсатында Астана бастамасын өзге қалаларда да қолдануды қолдаймын. Шын мәнінде, бұл жоғарыдан пәрмен күтіп отырмастан, жергілікті билік тарапынан ұйымдастырыла беретін іс-шаралар болуы керек. Мәселен, былтыр Өскемен қаласында қаланы дамыту мақсатында жасалынған талай іс-шараны бұзақылар бүлдіріп тастады. Көшеге қойылған шамдар шағылып, гүлдер жұлынған. Осылайша қала көркін арттыруға жұмсалған қыруар қаржы еш кетті. Шын мәнінде, бұл – жан ауыртар нәрсе. Сондықтан біз олардың жабайы әрекетіне тосқауыл қояр кез келген нәрседен бас тартпауымыз керек.
Көше тазалығын сақтау жөніндегі Астана бастамасын өзге қалаларда да қолға алу керек пе?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора