Ішкі миграцияны реттеудің арнайы бағдарламасын қабылдайтын кез жеткен жоқ па?


Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Рас, бізде ішкі миграция жөнінде проблемалар баршылық. Білесіздер, осыған орай жуырда «Көші-қон мәселесі туралы» Заң қолданысқа енгізілді. Ол заңда нақ осы ішкі миграцияға қатысты арнаулы баптар да бар. Бұған қоса, ішкі миграция мәселесін шешу мақсатында Ішкі істер министрлігіне қарасты арнайы комитет құрылуда. Бұл атқарылып жатқан шаруалардың барлығы ішкі миграция төңірегіндегі түйткілдерді шешу үшін жасалып отырғанын ескеруіміз керек. Жалпы, ішкі миграция мәселесіне қатысты айтарым, бұл жерде мәселе тек бағдарламада ғана емес. Қазір еліміздегі бағдарламалардың барлығын сұрыптаудан өткізіп, тек ірі-ірі бағдарламалармен жұмыс істеу қажеттігі сөз болуда. Меніңше, ішкі миграция мәселесіне қатысты нақты шешім, нақты заң қажет. Бұдан соң барып оны әрі қарай жүзеге асыру жағы қадағаланып, бақылауға алынып отыруы тиіс.


Сапабек ӘСІПҰЛЫ, «Жер және қазақ тағдыры» ұлттық комиссиясының төрағасы:
– Бұл – біраздан бері айтылып жүрген шаруа. Қазір біздің жеріміздің үштен екісі, яғни 67 пайызы – шөл және шөлейтті аймақтар. Бұларды ғылым тілінде «адамның күнкөрісіне мейлінше қолайсыз аймақтар» деп есептейді. Бізде қазір 72 аудан бар. Өнеркәсіпті дамытпақ түгіл, ол аудандарда күн көру тауқымет. Осы жайттың бетін ашып, қанша зар қақсадық. Міне, нақ қазір бірінші шешілуі тиіс мәселе – осы. Әрине, қолайсыз аймақтарда тұрып жатқан халықты қолайлы аймаққа қоныстандыру – қыруар қаржыны кетіріп, үлкен шығын әкелетін шаруа. Сондықтан әзірге ішкі миграция түйткіліне ешкімнің тісі батып, бел шешіп кірісіп кете қойған жоқ. Бірақ біз халықтың тұрмысы түзеліп, экономикалық дамуға жетеміз десек, ішкі миграция мәселесіне аса мән бергеніміз абзал. Бұл ретте бағдарлама да, салмақты заң да керек.


Дос КӨШІМ, саясаттанушы:
– Осы мәселе туралы біз біраздан бері айтып та, жазып та жүрміз. Бұл – біздің мемлекетімізге өте қажет нәрсе. Біз білетін көптеген елде ішкі миграцияға қатысты арнайы бағдарламалар бар. Ал бізде ішкі миграция мәселесі «Көші-қон мәселесі туралы» Заңға қоса енгізілген. Өз басым көші-қон мәселесін бөлек, ішкі миграцияны бөлек қарастыру керек» деп ойлаймын. Сондықтан бағдарлама өз алдына, алдымен осы ішкі миграцияға қатысты арнайы жеке заң қабылдануы керек. Ішкі миграция мәселесі көші-қоннан бөлек қаралуы қажет. Әйтпесе біз ішкі көші-қонды түзей алмаймыз. Ішкі миграция дұрыс жүйеленбесе, халықтың әл-ауқаты артпайтыны хақ. Сондықтан бұл мәселені үнемі назарда ұстап, осы төңіректегі проблемаларды саралап ойлайтын кез әлдеқашан жетті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста