Нұрлан ӨНЕРБАЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Базар болғаннан кейін оның айналасында жайма базарлардың көбейетіні рас. Бұл жақсы нәрсе емес. Өйткені жайма базарлардың салдарынан базар айналасында санитарлық нормалар сақтала бермейді. Яғни базарлардың көбеюі қаланың тазалығына нұқсан келтіреді. Мұндай базарлардың барлығының артында мықты қожайындары бар. Жекелеген адамдардың мүддесі үшін жұмыс істейтін мұндай базарлардың көбеюіне тосқауыл қойылуы керек. Алматы қаласы үлкен болғанымен, ондағы базарлардың санын көбейте берудің қажеті жоқ. Мен әлемде көптеген үлкен қалада болдым. Базар саудасы қызған қалалардың экономикасы дамығанымен, санитарлық нормалары ешқашан сақтала бермейді. Бұл жерде жергілікті әкімдіктер мен тиісті қадағалаушы орындардың бақылауын күшейтіп, базар иелерімен келіссөздер жүргізу арқылы базарларды өркениетке сай бейімдеу керек. Рас, талай адам осы сауда арқылы күн көріп отыр. Осы орайда оларды табыс көзінен айырмау жағын қарастырған жөн.
Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:
– Ата Заңымыз бойынша, адамның меншіктік құқы сақталуы қажет. Десек те, бұл жекеменшік жерінде әркімнің не істесе де өз еркі деген сөз емес. Негізі, біздің елімізде базар қожайындарына қатаң талаптар қойыла бермейді. Базар иесін сауда орнының белгілі бір бөлігінің төбесі жабық болуына, қыстыгүні жылытылатындай, базарға келген халық жаурамай, саудасын жасай алатындай, әрі халық сауда жасай жүріп, демала алатындай жағдай туғызуға міндеттеп, егер талаптар орындалмаса, базарды жабу керек. Бір өкініштісі, тиісті орындар базар иелеріне нақты талаптар қоя бермейді. Осының салдарынан бүгінде базарларымызда ешқандай тәртіп жоқ. Негізі, базар ішіндегі заңсыздыққа, алаяқтыққа базар әкімшілігі жауап беруі керек. Алайда бүгінде базар әкімшілігі мен саудагерлер ауыз жаласып, халықты қанап отыр. Мәселен, базарлардағы саудагерлердің қолындағы таразысы дұрыс емес. Сондықтан базарға барар алдында әрбір тұрғын қалтасына таразысын салып баруға мәжбүр. Осы орайда тез арада жергілікті басқару орындары базар иелеріне қойылатын талапты күшейте отырып, базарларды ретке келтіріп, заманауи сауда орындарын ашуы қажет.
Абылайхан САМАТДИНОВ, Алматы қалалық мәслихатының депутаты:
– Базарлардың бетімен кетуіне қадағалаушы орындар кінәлі. Шыны керек, базар қожайындары күнделікті қыруар қаржы табады. Табыс көзі болып отырған базарды талапқа сай орынға айналдыруға құлықсыз. Осы орайда жергілікті билік орындары базар қожайындарынан санитарлық талаптарды сақтап, базар айналасын заңсыз жайма базарларға айналдыруға жол бермей, керісінше, көріктендіруін талап етуі керек. Бұған жергілікті билік орындарының толықтай құқы бар. Базар иесінің меншігі екен деп, олардың көпшілік орынды қалай болса солай ұстауына жол бермеу керек. Мәселен, заманға сай Алматы қаласындағы «Апорт», «Максима», «Мега» секілді сауда, ойын-сауық орталықтары өте қолайлы. Олардың айналасында базар маңындағыдай көлік кептелісі жоқ, арнайы көлік тұрағы да ескерілген. Тұрғындардың сауда жасауына да, қаланың ажарына ажар қосуға да тұрарлық. Сондықтан базар иелерінің қарсылығына қарамастан, базарлардың бәрін осындай сауда орнына айналдыруға тырысқан жөн.
Алматы қаласының ішіндегі базарларды ретке келтіру жұмыстары тағы да аяқсыз қалып қоймай ма?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора