Халал мен харамның аражігін ажырата алып жүрміз бе?

Заманында Қытайдың ірі ойшылы Лао-Цзы «Адам қандай тамақ жесе, соған ұқсайды» деген екен. Қытай ойшылының мұнысын қазіргі ғалымдар да қоштап, қуаттайды. Тіпті бұл жайлы Құран Кәрімнің Бақара сүресінде: «адамдар үшін өлексе, доңыз еті, Алланың аты айтылмай сойылған жануарлардың еттері харам етілді. Өлексе жеген адамның жүрегі өледі, туыстық қарым-қатынастан айырылады» делінген. Нақ осы аятты қазіргі медицина да растайды.

Сөз басы...
Жалпы, бүгінде ет және ет өнімдерін өндіретін отандық кәсіпорындарда малды электр тогымен өлтіру, пышақпен ұрып өлтіру тәсілі қолданылатыны бар. Ал ғалымдар мұндай жолмен өлтірілген малдың бойында қан ұйып қалатынын, бұл тәсіл қоршаған ортаға инфекцияның тез таралуына жол ашатынын алға тартады. Бұл ретте біз тілдескен мамандар «мұндай жолмен өлтірілген жануар алдымен қорқып қалады. Мал қорыққан сәтте бүйрек тұсындағы бездері шошынады. Айналып келгенде мұндай әдіспен сойылған малдың етін жеген адамның ағзасында қатерлі ісік ауруының қоздырғышы пайда болады. Бауыздалмаған малдың етінен жасалған тағамдар харам тамақтар болып саналады. Сондықтан барынша халал тағамдармен тамақтанғанымыз жөн» деседі.
Сондай-ақ мамандар, расымен де, ірі ойшыл Лао-Цзының «не жесең, соған ұқсайсың» деген сөзінің астарында үлкен мән барын ескертеді. Бұл тұрғыда биолог-ғалым Мұрат ҒЫЛМАНОВ:
– Біз қазір көбінесе синтездеуден өткен, химиялық қоспалары көп тағамдармен ауқаттануға әуеспіз. Білесіздер, қазір біраз қауым рухани тазалықтан ада болып барады. Әйелдер арасында жасанды түсік жасату, адамдардың бір-біріне озбырлық жасауы, алауыздық көбейіп кетті. Міне, осының дені адамдардың харам аспен тамақтануына тікелей қатысты. Харам тамақты жеген адамның бойында қорқыныш болмайды. Харам тамақтың құрамындағы нәрсе адам ағзасына қоса сіңеді де, адамның мінез-құлқы бұзылады, – дейді.

Гәп қайда жатыр?
Ал енді халал дегеніміз не? Біз халал мен харамның аражігін қалай ажыратуымыз керек?
Негізінен, мұсылман қауымның дені азық қылар малын білетін «бисмилласын» айтып, батасын жасап, бауыздап сояды. Мұндай әдіс турасында медицина ғылымының докторы, профессор Тоқан СҰЛТАНӘЛИЕВ:
– Бауыздалған малдың бойындағы қан толығымен сыртқа шығады. Негізінен, ағзадағы инфекция қанға барып жиналатындықтан, малды сойғанда одан аққан қанның сыртқа толығымен шығуына аса мән берілуі керек. Малдың қаны сыртқа толығымен шығарылса, ет таза, денсаулыққа пайдалы болады. Мұндай өнімді мұсылмандар халал дейді. Сондықтан малды сойғанда бауыздау тәсілін қолданып, қанын толық ағызып барып терісін сыпыру керек, – деп ой өрбітті.
Бұған қоса халал өндірісіне қатысты мамандар халал тек тамақ өнеркәсібін ғана емес, өзге де толып жатқан салаларды қамтитындығын алға тартады. Мәселен, халал дегенде біз тек ет-сүт өнімдеріне ғана назар аудармауымыз керек. Көптеген елдерде жеңіл өнеркәсіпке қатысты халал өнімдер де бар. Мысалы, Малай елі халал тауарларға байланысты киім-кешек, аяқ-киім, жиһаз доңыздың терісінен жасалмауы керектігін қатаң бақылауға алыпты. Ал Мысыр елі косметика, парфюмерия, фармацевтикада харам нәрселердің қолданылмауын қадағалайтын көрінеді. Бүгінде Сауд Арабиясы, Мысыр, Малай елдерінен өзге, Германия, Израиль мемлекеттері де халал индустриясының болашағына зор үміт артып отыр. Өкінішке қарай, бұл үрдістің өркендеу көрсеткіші халқының 70 пайызы мұсылман саналатын біздің елімізде әлі де болса кемшіндеу.
 
Қарым мен қабілет
Негізінен, деректерге жүгінсек, қазақ елінде қазірде халал өндірісімен айналысатын 71 кәсіпорын бар. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. 2007 жылдан бері қарай елдің халал тағамдарға, халал ет-сүт өнімдеріне деген сұранысы жоғарылаған. Осыған орай бізде 2007 жылы Индустрия және сауда министрлігінің жанынан «Халал» стандарттау техникалық комитеті құрылғаны да мәлім. Аталмыш комитет құрыла салысымен тек Қазақстанда ғана емес, ТМД көлемінде халал өндірісін дамыту жобаларын қолға алу қажеттігін алға тартты. Комитет мамандары бірқатар көршілес елдердің мамандарымен тәжірибе алмасты. Әріптестерімен тоқайласып бас қосу өткізді. Не керек, әйтеуір халал өндірісіне қатыстының барлығын насихаттауға тырысып бақты. Дегенмен елдегі халал өнімдерін өндіретін кәсіпорындар ішкі сұранысты толық қамтамасыз ете алмай отыр. Бұл турасында мамандар 16 миллионнан астам халқы бар Қазақстан үшін халал өнім өндіретін 71 кәсіпорын аз екенін алға тартады.

Ойсалар
Пайымдасақ, біздің елімізге азық-түлік өнімдерінің 70 пайызы сырттан импортталады. Осыған алаңдаған қайсыбір экономист-сарапшылар: «Біз өз қауіпсіздігімізді сақтап қаламыз десек, азық-түлік өнімінің кем дегенде 50 пайызын өзімізде шығарғанымыз абзал» деген қыжылды жиі қаузайды. Рас, 70 пайыздық сырттан тасымалданатын азық-түлік көрсеткішімен біздің әзірге бар саланы халал өнімдермен қамтамасыз ете алмасымыз һақ. Алайда бізге рухани тазалығы мығым, көкірегі ояу, көзі ашық ұрпақ өсіреміз десек, өзге мұсылман елдері тәрізді халал индустриясында өзіндік нышан қалыптастыру қажет-ақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста