Ынжық ер-жігіттердің жағымпазданып жүргенін көргенде, намысым келеді

Ынжық ер-жігіттердің жағымпазданып жүргенін көргенде, намысым келеді

– Бағила Бірмағамбетқызы, өткенде бір хабарласқанымызда Қостанайда базарда жүрмін деп едіңіз...

– Иә, Қостанайға Президенттің Жолдауын халыққа түсіндіру жұмыстарымен келгенмін. Жұмыс бабымен қатар келіп қалған туған күнімді сол жақта өткізуге тура келгеннен кейін, кездесулерден шыға салысымен, жемістер алайын деп базарға барғанмын.

– Өткен туған күніңізбен біз де құттықтап қояйық. Қонаққа кімдерді шақырдыңыз?

– Рақмет! Өзімнің анам мен туыстарым ғана болды.

– Қоғамның нағыз қайнаған ортасында болыпсыз, базарда азық-түліктердің бағасы қымбаттап па?


– Жеміс-жидектердің бағасы тұрақты. Күріш сияқты басқа да азық-түліктерге аздап баға қосылыпты.

– Онда әлі де әлеуметтік жәрдемақыларды көтеру керек шығар...

– Енді Елбасы өзінің халыққа арнаған Жолдауында бюджеттік саланың қызметкерлеріне мерзімінен бұрын 25 пайыз үстемеақылар қосылатынын айтты ғой.

– Сатушылар сізді тани ма?

– Әрине, «депутат Бағила, бізден алыңыз» деп жатады. Қостанайда мені бәрі таниды ғой.

– Бәрі таныса, сізге жеңілдікпен беретін шығар. Әлде керісінше, депутат деп қымбатқа сата ма?

– (Күліп алды) Жоқ, базардың бағасымен аламын. Бірақ жемістің жақсысын таңдап береді.

– Сіз үлкен қызметтегі адамсыз. Неге күтуші ұстамайсыз?

– Мен Қостанайда жұмыс бабымен ғана боламын ғой, сондықтан ұстамаймын.

– Ал Астанада ше?

– Жоқ, ол жақта балам мен келінім бар. Қолымда келінім барда күтуші ұстаудың қажеті жоқ деп есептеймін.

– Сіз біршама мемлекеттік қызметтерді атқарған адамсыз. Әкімшілік қызметті сағынбайсыз ба?

– Сағынамын. Әрине, жұмыс істеу үшін. Мен – әкімшілік қызметте жүргенде жанымды салып жұмыс істеген адаммын. Бұл саланы бір кісідей білемін.

– Аймақтық жерлерге әкім болғыңыз келмей ме?

– Жоқ.

– Неге?

– Мен енді бұрынғыдай жас емеспін. Оның үстіне депутаттық қызмет те оңай шаруа емес. Жауапкершілікті, ептілікті қажет етеді. Қай салада болсын халыққа жұмыс істеу керек. Мен қазір заң шығару саласы арқылы пайдамды тигізгенді жөн санаймын.

– Бізде облысты ер адамдар ғана басқарады. Бұл сіз сияқты қолынан іс келетін әйел саясаткерлердің құқығын аяққа таптау емес пе?

– Кез келген салада біздер, әйелдер, ер-азаматтардан кем жұмыс істемейміз. Оны өзімнің де, менімен бірге жұмыс істеген нәзік жандылардың да іс-тәжірибесінен жақсы білемін. Меніңше, әйелдер облыс басшылығын да алып кете алады.

– «Біздер, әйелдер» деп қалдыңыз, сіз феминист емессіз бе?

– Жоқ, мен феминист емеспін. Әйелдердің құқын қорғау үшін күресетіндей, біздің елде әйелдер жапа шегіп отырған жоқ қой. Кейде ынжық ер-жігіттердің жағымпазданып жүргендерін көргенде, намысым кернейді. Әйелдерді ерлерден жоғары қоюға тырыспаймын, бірақ жұмыс істегенде қалыспайтындығын әркез айтып жүремін.

– Француз тілінің маманысыз, елшілікке жіберсе, қалай қарайсыз?

– Білесіз бе, әкем менің мал дәрігері болғанымды қалады. «Ет комбинаттары көп, жұмыссыз қалмайсың», – деп менің ет өнімдері саласында жүргенімді дұрыс санады. Ал мен үлкен әпкемнің жолын қуып, шет тілі бойынша оқуды қалап, педагогика саласына келдім. Елшілікке баруды мақсат етпеймін. Бірақ шетелдерге шыққанда пайдаға асып жатады. Француз тілінде сөйлемегеніме 15 жылдай өтсе де, мен қазір француз тілінде сөйлеп, тіпті баяндама да жасай аламын.

– Сіз үшін бірінші кезекте саясат па әлде отбасы ма?

– Мен үшін, бірінші, отбасы маңызды. Бұл жалпы қазақ қыздары үшін солай болуы керек деп есептеймін.

– Дінге көзқарасыңыз қалай?

– Дінге көзқарасым түзу. Мешітке жиі барып тұрамын. Жалпы, сенім болу керек.

– Хоббиіңіз не? Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

– Мен үлкен теннис ойнайтынмын. Оған қан қысымыма байланысты дәрігерлер тыйым салды. Қазір коньки теуіп тұрамын.

– Депутаттардың арасындағы жақын досыңыз кім?

– Комитеттегі депутаттармен қарым-қатынасым өте жақсы. Сыйласып тұрамыз. Ең жақын досым – Зағипа Балиева. Біраз жылдардан бері бірге араласып келеміз. Уақыт болғанда кездесіп те тұрамыз.

– Досыңыздың қандай қасиетін жоғары бағалайсыз?

– Адамгершілігі мен досқа деген адалдығын.

– Сіз туралы сын айтылып жатса, қалай қарайсыз?

– Сын түзу болса, мін де түзеледі. Ал егер қисынсыз сындар болса, қатты ашуланамын.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста