Қытай мен Қазақстан арасында шешілмеген мәселе жоқ

Қытай мен Қазақстан арасында шешілмеген мәселе жоқ

Кеше Бейжіңде ресми сапармен жүрген ҚР Мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев осы елдің Сыртқы істер министрі Ян Цзечимен кездесті.


Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік мәселесіне байланысты өзекті мәселелер бойынша өзара пікір алмасты. Онда Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастардың нағыз әріптестік байланыс екендігін атап көрсетті. Оның пікірінше, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың ерекшелігі – Қазақстан мен Қытай басшылары бір-біріне үлкен сеніммен қарайды. «Бүгінгі біздің қарым-қатынаста шешілмеген мәселелер жоқ, біздің алдымызда біз іске асыратын тек жаңа міндеттер ғана тұр», – деді
Қ.Саудабаев. Өз кезегінде Қытайдың сыртқы істер ведомствосының басшысы екі елдің Мемлекет басшыларының ынта-ықыластары арқасында соңғы уақытта мемлекеттер арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастар қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Жүздесуде сонымен қатар, жоғары деңгейдегі келісімдердің жүзеге асырылу деңгейі сөз болып, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық пен энергетика, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік пен трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану мәселелері ортаға салынды. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға сапары дайындығына байланысты келісілген мәселелерге шолу жасалды. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық өзара ықпалдастықтың үдемелі дамуын атап өтіп, Қазақстан мен Қытай басшылығының 2015 жылға қарай тауар айналымын 15 млрд көлеміне жеткізу жөніндегі міндеті мерзімнен бұрын орындалады деп атап көрсетті.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста