Әнұран неге әртүрлі шырқалады?

Әнұран неге әртүрлі шырқалады?

Әрбір Тәуелсіз елдің мемлекеттік рәміздері – Елтаңбасы, Туы, Әнұраны болады. Елімізге Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлтымыздың бірнеше ұрпағының ғасырлар бойы аңсаған арманы – азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін өзінің Әнұранын әзірлеудің қажеттігі туындады. Алғашқы Әнұран 1992 жылы заңмен бекітілді. Ол Әнұранның мәтінін белгілі қазақ ақындары Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаевалар жазған болса, әнін жазған Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болатын. Ал 2006 жылы халықтың өтініш-талабы ескеріліп, 7 қаңтарда Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік нышандар туралы» Жарлыққа түзетулер енгізілді. Еліміздің жаңа Әнұраны болып Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні қабылданды. Әннің сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов болса, жаңа мәтінін уақыт талабына үндестірген бірлескен автор – еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Гимн (Әнұран) гректің gimneo деген сөзінен шыққан. Ол «салтанатты ән» деген мағына береді екен. Әнұран – бұл дыбыстық рәміз ғана емес,  халыққа рух беретін, ел азаматтарын біртұтастыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін ән.
Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде қазақтардың бірыңғай әнұраны болған жоқ. Бірақ оның орнына қазақтарды ұлт-азаттық көтеріліске, елін-жерін қорғауға рухтандыратын жекелеген ақындар мен жыраулардың әндері болды.

Кеңестік кезеңде де қызыл үкіметтің қыспағынан құтылуды аңсаған, халқының, кең-байтақ қазақ жерінің орыстанып бара жатқанына күйзелген қазақтың аяулы ұлдары қазақ ұлтының рухын көтеретін, патриоттық «Менің Қазақстаным» атты әнді дүниеге әкелген болатын. Бұл ән лезде әрбір қазақ баласының жүрегіне жол тауып, көкейіне ұялады. Бүгінгі таңда да бұл ән – әрбір қазақтың жүрегінде. Бұл әнді білмейтін қазақ жоқ десек, артық айтпағандық болар. Қазіргі таңда Әнұран айтылғанда, бүкіл халық болып кеудесіне қолын қойып, Әнұранды қосыла шырқап, рухтанып тұрған қазақ халқын көру – әрбір қазақтың бақыты. Мұндай бақытты бағалай білуіміз керек.

Әрине, бүкіл ел болып Әнұранды қосыла шырқау – қуантарлық жай. Алайда мамандар «Әнұранның нақты бекітілген нұсқасы жоқ, сондықтан салтанатты шаралар кезінде Әнұран әртүрлі орындалып жүр» дейді.

Александр БЕЛЯКОВ, ҚР ҚК Әскери-оркестрлік қызметінің бастығы, бас әскери дирижер, полковник:
– Жалпы кез келген елде ең бірінші Әнұранның пилоттық нұсқасы, концепциясы айқындалып, одан әрі техникалық жұмыстар іске асырылады. Яғни оркестрдегі әрбір музыкалық аспаптың дауысы нақышталып, қай жерде қалай ойнау керектігі анықталуы керек. Яғни әрбір музыкалық аспаптың шығармадағы рөлі белгіленеді. Содан соң ғана Әнұранды үрмелі аспаптар оркестрімен, симфониялық оркестрмен, оркестрдің солистпен, оркестрдің солист және хормен орындаған нұсқалары Парламентте, Үкіметте (әр елде әртүрлі) тыңдалып, бекітілуі тиіс. Ал бізде әлі күнге дейін Әнұранның толық нұсқасы бекітілген жоқ. Одан кейінгі бір мәселе:  Әнұранның типографиялық нұсқасын басып шығарып, аудио көшірмесі дайындалып, барлық елдерде бірдей орындалуы үшін шетелдердегі елшіліктерге жіберу керек. Үрмелі аспаптармен орындалған нұсқасы – мемлекеттік деңгейдегі кездесулерде, симфониялық оркестрмен орындалған нұсқасы салтанатты жиындарда, концерт залдарында орындалады.

Мысалы, олимпиадалық ойындарда симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен хор немесе солист пен хор қосыла орындаған нұсқасы қойылуы тиіс. Алайда бізде олай емес. Бүгінгі таңда мұндай салтанатты жағдайларда бұрын марш түрінде жазылған фонограмма қойылып жүр.

Марш пен Әнұранның ырғағы, екпіні, оркестрге түсірілуі – бөлек дүние. Марш ырғақты. Ал Әнұран ауқымы кең, байсалды, айбынды, салтанатты болуы шарт.

Әскери оркестр үшін Әнұранды оркестрге түсірген Астанадағы Президенттік оркестрдің дирижері Талғат Бердіғұлов болатын. Мен кей жерлеріне қосымшалар енгіздім. Қазір әскери оркестр осы нұсқаны орындап жүр. Ал бірақ ішкі істер әскерлерінің үрмелі аспаптар оркестрі бір басқа, муниципалдық үрмелі аспаптар оркестрлері бір басқа ойнап жүр.

Симфониялық оркестрлер де әртүрлі орындайды. Мысалы, алматылық және астаналық симфониялық оркестрлер екі түрлі орындайды. Меніңше, мұндай қарама-қайшылықтарды жою – кезек күттірмейтін шаруа. Өйткені бұл – мемлекеттік рәміз. Ал мемлекеттік рәміздерді, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранды өзгертуге болмайды.

Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Иә, жаңа Мемлекеттік Әнұранның қандай темппен, қандай жанрмен қалай орындалатыны бекітілген жоқ. Тек қана біз оның әуенін бекіттік. Әнұранды тіпті бір дауыспен де орындауға болады. Мысалы, көптеген халықаралық шараларда Американың гимнін бір дауыспен, ешқандай оркестрдің сүйемелдеуінсіз аккопелла айтады.

Алғашқы Әнұранның да әуені жақсы болатын. Бірақ байқасаңыз, ол Әнұранда Кеңес Одағы гимнінің элементтері бар еді. Айтылуы да, сөздері де ауыр болды. Ал жаңа Әнұранның әуені де, мәтіні де жеңіл. Ең бастысы, Әнұранның мәтіні мен әуені өзгермесе болғаны. Оны не оркестрмен, не баянмен, не фортепьяномен ойнағаннан ешқандай қайшылық көріп отырған жоқпын. Сондықтан Әнұранға қандай да бір стандарт енгізу дұрыс болмас деп ойлаймын.

Біз сияқты музыка тілін білмейтін пақырға қай нотаның толық, қай нотаның жартылай орындалып жатқанын айыру қиын. Бірақ Әнұран елдің бейнесін айқындайтын үш мемлекеттік рәміздің бірі болғандықтан, міндетіне сай айбынды, салтанатты орындалса екен деген тілегімізді жасыра алмаймыз. Әнұран әлемнің түкпір-түкпірінде орындалатын, қазақ елінің ұлылығын, қазақ халқының отансүйгіштігін, рухының жоғары екендігін бейнелейтін ұлы күш екендігін ұмытпаған абзал. Осы ретте Александр Беляковтың пікірінде жан бар ма деген ойға қаласың. Мемлекеттің рухын паш ететін Әнұранның бір жүйеде айбынды орындалуына жанашырлық таныту – өз елін сүйген әрбір патриот азаматтың басты мұраты болса керек.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста