Сириядағы жағдай ушығып барады. Үкімет әскері соңғы уақытта қақтығыстар қаласына айналған Хомс қаласына кірді. Бұл шаһардағы оқиғалар салдарынан жүзден аса адам көз жұмған. Араб мемлекеттері лигасының үкімет пен оппозиция мүшелерінің арасындағы делдалдығынан әзірге ештеңе шықпай тұр.
Араб мемлекеттерінің лигасы жоспарлаған келіссөздердің жүргізілер түрі көрінбейді. Әзірге ресми Дамаск оппозиция мен бұқараның алдында берген уәдесін орындамай отыр. Бұған дейін билік қалалардың орталықтарында орналасқан әскерді алу, 500-ден астам бас бостандығынан айырылған азаматқа рақымшылық жасайтынын айтқан болатын. Алайда шешім қабылданып, нақты істер атқарылған жоқ. Араб мемлекеттерінің лигасы Сириядағы жағдайға байланысты төтенше кеңес өткізіп, арнайы шешім қабылдамақ ниетте екенін жеткізді. Айта кетейік, Сириядағы толқулар биылғы жылдың наурыз айында басталған болатын. Сегіз айдағы қақтығыстар салдарынан бірнеше мың адам қаза тапқан.
Сирия сергелдеңі соғысқа ұласа ма?
Последние статьи автора