Қазақтың зиялысы өзге халықтардың интеллигенциясы секілді өзге ұлттарға топырақ шашумен айналыспайды

Смағұл Елубай, жазушы

Кеше Алматыда «АйтPARK» қоғамдық-саяси пікірталас клубының кезекті отырысы өтті. Кездесу қонағы — жазушы Смағұл Елубай қазақстандық БАҚ өкілдерінің түрлі сауалдарына орыс тілінде жауап берді. Сұрақтардың дені орыстілді баспасөз өкілдерінің тарапынан қойылғандықтан, Қазақстандағы ұлтаралық мәселе, тіл мәселесі өткір айтылды. Оқырмандарымызға сол сұхбаттан үзінді ұсынып отырмыз.

– Тәуелсіздік алғалы бері орыстілді қазақтар мен қазақтілді қазақтар бір-бірін сөзбен төпелеумен, топырақ шашумен айналысып келеді. Мұндай келеңсіздік елдің берекесін қашыратынын бәрі біледі. Ендеше, неліктен сол айтыс тоқтамайды?
– Меніңше, арандатушылар көп, әсіресе, баспасөз құралдарында. Біздің Отанымыз бір, өмір сүріп отырған ортамыз бір, қоғамымыз бір болып отырғандықтан, бірлесіп шешім іздеу керек. Еліміздегі ұлтшыл патриоттардың Қазақстандағы өзге халықтарға, өзге тілдерге қарсы ұран көтерген кезі ешқашан болған емес. Сондықтан түрлі баспасөздегі қазақ ұлтшыл патриоттары жөніндегі біржақты пікірлерді арандатушы пікірлер деп білемін. Қазақтың зиялысы өзге халықтардың интеллегенциясы секілді өзге ұлттарға топырақ шашумен айналыспайды. Мұндай көзқарас, дәл қазіргі жағдайда, орыстілді басылымдардың көбінен байқалып қалады. Меніңше, ұлтшыл патриоттарды өзге ұлт өкілдеріне қарсы қоюға ұмтылатындардың арандатушылық мақсаты бар. Қазақтарды «әзірейіл» етіп көрсеткісі келеді. Әйтпесе қазақ зиялысы халқымыздың осындай күйге душар болғанына еліміздегі ешбір ұлттың өкілін айыптап жүрген жоқ. Оған айыпты бір ғана құрылым бар, ол – кеңес өкіметі. Мен оның жүргізген саясатын мутанттық идеология деп атаймын.
– Сіздер қазақтардың қазақ тілін білмеуін Сталинге, Кремльге, кеңестік өкіметке жаба саласыздар. Алайда сол құрылымның қол астынан шыққан өзбектерді, грузиндер, армяндарды алып қараңыз, олар өз мәдениетін жоғалтып алған жоқ қой.
– Жоқ, бұлардың ешбіріне дәл қазақтарға жасалғандай отарлау саясаты жүргізілген жоқ. Бұл — тарихи дәлелденген анық құбылыс. Кремльдің қазақтарға деген өз алдына бөлек саясаты болды.
– Дегенмен бұл өткен шақтың тақырыбы секілді. Сталиндік саясат қазақтарды бір-біріне қарсы қойып, тіліне қиянат жасаған шығар. Ал қазір қазақтар ешкімге тәуелді емес қой, неліктен ол өзінің мәдениетін қайтарып алмайды?
– Жоқ, қазақтар әлі де тәуелді. Біздің қоғам сталиндік мутанттық идеологиядан әлі де толық тәуелсіздікке қол жеткізген жоқ. Қазіргі мәңгүрттенген күйіміз сол идеологияның бірден-бір «жемісі» болып табылады.
– Осы қазақтарды шала қазақтар мен нағыз қазақтар деп екіге бөледі. Бұл ұлтшыл патриоттардың қолдан жасап алған нәрсесі емес пе? Мысалы, қазір тіл білместен-ақ қазаққа өзгелерден артық еңбек сіңіріп жатқандар бар.
– Жоқ, біздің қоғамның шала қазақтар мен нағыз қазақтардан тұратыны — айдан анық нәрсе. Мұндай жіктің бар екенін шала қазақтар байқамайтын да шығар, бірақ нағыз қазақтар оны анық байқайды. Сондықтан басын құмға тығып алған түйеқұс секілденіп ештеңе көрінбейді деген ұстанымда болудың қажеті жоқ.
– Еліміздің шенеуніктері осыдан он жылдан кейін қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілінде сөйлейтін болады деген мәлімдеме жасап үлгерді. Сіз бұған сенесіз бе, бұл мүмкін нәрсе ме?
– Жоқ, дәл қазіргі қалыпта мен бұған сене алмаймын. Ол үшін бағдарламаны әлі де толықтыру керек. Қазақ тілінің ісі өрге басу үшін, ең алдымен, қауқарлы заң болу керек. Ал бұл бағдарламада заң жөнінде ештеңе айтылмаған. Біздің бұған дейінгі мемлекеттік тіл туралы заңымыз, ұстанған саясатымыз өте жұмсақ. Ал ұлттық мәселеде, мәдени майданда жұмсақтық танытуға болмайды.
– Қазір Алматы қаласы біртіндеп қазақша сөйлей бастаған сияқты, сіз мұндай құбылысты байқайсыз ба?
– Әрине, мұндай жағымды құбылысты да байқаймыз. Дегенмен ол — өте баяу әрі табиғи түрде өздігінен жүріп жатқан құбылыс. Менің айтпағым, мемлекеттік «моторды» іске қосу арқылы соны әлдеқайда жылдамдатуға болар еді. Себебі жаһандану құбылысы қарқын алған мына заман жайбасарлықты көтермейді. Біздің жастарымыз қазір орыстілділер мен қазақтілділер ғана болып бөлініп қоймай, вестернизацияға, яғни батыстың да ықпалына ұшырай бастады.
– Өзіңіз айтып отырған жастардың батысқа еліктеуі үлкен қарқын алуда. Сіз оларды да шала қазақтардың қатарына жатқызатын шығарсыз?
– Бұл үшінші топ жай ғана орыстілді қазақ емес, ол қазақ мәдениетінің де, орыс мәдениетінің де өкілі емес, ол енді бұқаралық мәдениеттің өкілі болып кетеді. Яғни тіптен алшақтап бара жатқандар. Бұл шала қазақтардан келетін қауіп бұрынғыдан да зор болуы мүмкін. Дегенмен мен жастардың барлығынан қауіптене бермеймін. Өйткені жастардың арасынан қазақы рухты, өжет, құлдық санаға ұрынбаған жастарды да көп байқаймын. Мен осы жастарға үміт артамын.
– Қазақстанда мұсылмандықтың күшеюі ұлттық мәселелердің, тіл мәселесінің шешілуіне түрткі бола ала ма?
– Халықтың исламға бет бұруы ұлттық мәселені шешуге түрткі бола алады. Алайда мұнда да көптеген түйткілдер бар. Дінді де дәстүрлі таным негізінде ұстану керек. Мысалы, дін ұстамақ болғандардың барлығы алдымен сақал өсіріп, хиджап тағуға ұмтылады. Бірақ қазақтың таным-түсінігі әрқашанда мұндай дәрежеден артық болған. Қазақ үшін дін жүректе.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста