Н.Назарбаев: Вьетнам – Қазақстанның Азия-Тынық мұхит аймағындағы басты әріптесі

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды. Елбасы Н.Назарбаев Вьетнамға сапары барысында сол елдің бірқатар лауазымды басшыларымен кездесті.
Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП төр­ағасы Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам Ком­мунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен кездесті.
– Вьетнам Коммунистік партиясының бас­шылығымен Вьетнам халқы әлеуметтік-экономикалық дамуда, білім, мәдениет пен қоғамдық өмірдің өзге де салаларында толымды табыстарға жетті, – деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Вьетнам өзара тиімді серіктестігінің сапалы жаңа дең­гейге өтуі үшін объективті мүмкіндіктер барын атап өтті.
– Саяси жүйенің тұрақтылығы – екі­жақ­ты ынтымақтастықтың табысының кепілі. Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды осындай негізде құру керек, – деп атап өтті Вьетнам Коммунистік пар­тия­сы орталық комитетінің бас хатшысы.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев ВСР Ұлттық жиналысының төрағасы Нгуен Шинь Хунгпен кездесті.
Вьетнамның жоғары өкілетті органының бас­шысымен келіссөздер барысында Қазақ­­­стан Президенті парламентаралық өзара іс-қимыл мемлекетаралық бай­ла­ныс­тарды дамытуда негізгі рөл атқаратынын атап өтті.
– Делегациялар алмасу және пар­ла­мен­таралық ынтымақтастық тобын құру Қазақстан Парламенті мен Вьетнам Ұлттық жиналысының арасындағы байланыстарды тереңдетуге қызмет етеді, – деді Мемлекет басшысы.
Нгуен Шинь Хунг атап өткендей, Нұр­сұл­­тан Назарбаевтың сапары Қазақстан-Вьетнам серіктестігінің жаңа беттерін аша­ды. «Біз мәдени-гуманитарлық ынты­мақ­тас­тықты дамытып, білім саласындағы бір­лескен жобаларды іске асыруымыз керек. Сонымен бірге халықаралық аре­на­дағы өзара іс-қимылды дәйекті түрде ны­ғай­туымыз қажет», – деді ВСР Ұлттық жи­налысының төрағасы.
Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев Ханой қаласындағы Вьетнам ұлт­тық университетінде (ВҰУ) болып, сту­дент­термен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, онда Қазақстанның қол жеткізен жетістіктері жайлы баяндап, әлем­дегі жағдайға байланысты өз көз­қа­ра­сымен бөлісіп, Вьетнаммен ынты­мақ­тас­тықтың одан әрі жасалатын қадамдарынан хабардар етті. Вьетнам ұлттық уни­вер­си­тетінің ректоры Май Чонг Нхиан Қазақстан Президентіне ВҰУ құрметті докторы атағын беру туралы бұйрықты оқып берді. «Ең ал­дымен, мен сізге қонақжайлығыңыз бен осындай жылы қабылдауыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Бұл – менің Вьетнамға алғашқы сапарым. Сіздің елде болған алғашқы минуттардан-ақ мен Вьет­нам халқының жүрек жылуын сезіндім», – деп атап өтті Н.Назарбаев аудитория ал­дында сөйлеген сөзінде. Мемлекет бас­шы­сы баса айтқандай, «11 жылда алғаш рет біз Астана қаласында ЕҚЫҰ саммитін өт­кі­зуге және еуроатланттық және еуразиялық қауіпсіздіктің бірыңғай кеңістігін құруға бағытталған Астана декларациясын қа­был­дауға қол жеткіздік, биылғы жылдың мау­сымында Қазақстанның Шанхай ын­ты­мақ­тастық ұйымындағы төрағалығы аяқ­тал­ғанын да тілге тиек етті. Қазіргі күні Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйы­мына төрағалықтың жауапты миссиясын жүзеге асыруда». Вьетнам елі де екі жыл бойы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі міндетін, былтыр АСЕАН-ға төрағалығын табысты атқарды. Осы ретте Елбасы Н.Назарбаев: «Біз Вьетнамды Қазақ­станның Азия-Тынық мұхит айма­ғындағы басты әріптесі ретінде қарас­ты­ра­мыз», – деп атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кө­лік және коммуникация министрлігі хабар­лағандай, Қазақстан мен Вьетнам 2012 жылы екі ел арасындағы тікелей әуе қа­тынасын ашуды жоспарлап отыр. «Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вьетнам Со­циа­листік Республикасына ресми сапары бары­сында Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің жеті сағаттық рейстерді ашу ту­ра­лы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақ­­стан Республикасы көлік және ком­му­ни­ка­ция министрі Б.Камалиев ҚР Көлік және ком­муникация министрлігі мен Вьет­нам Социалистік Республикасының көлік ми­нистр­лігі арасындағы Азаматтық авиа­ция саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды», – делінген ха­бар­ла­мада. Ведомствоаралық келісім аясында Қазақстан және Вьетнам тараптары екі жақтың авиатасымалдаушыларын Астана, Алматы (Қазақстан) және Ханой, Хошимин (Вьетнам) қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашуға жәрдемдеседі және қолдайды. Осы ведомствоаралық келісім «Эйр Астана» авиакомпаниясы 2012 жылы ашуды жоспарлап отырған әуе қатынасын орындаудың құқықтық базасы болады.
Ханойда Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Вьетнамға жасаған мем­лекеттік сапары аясында бірінші Қазақстан-Вьетнам бизнес форумы аяқталды. Өз сөзінде ҚР Премьер-министрінің орын­ба­сары – индустрия және жаңа технологиялар ми­нистрі Әсет Исекешев бүгінгі таңда Қазақстан ҮИИД бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асырып отырғанын, осыған байланысты Оңтүстік Шығыс Азиядағы эко­номикасы тез дамып келе жатқан елдердің бірі – Вьетнаммен ын­ты­мақ­тас­тық­ты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Вьет­нам Қазақстанға бәсекеге қабілетті бағалар бойынша ауылшаруашылық өнім­дері, соның ішінде кофе, шай, күріш, жаң­ғақ (бұл өнімге отандық кондитерлік фаб­ри­калардан сұраныс түсіп те үлгерген), қара бұрыш, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп өнім­дері, атап айтсақ, тоқыма өнімдері мен аяқкиім жеткізе алады. Ал өз кезегінде Қазақстан Вьетнам тарапына мұнай-газ, түсті металлургия, машина жасау және ты­ңайт­қыштарды өңдеу салаларында тиімді ынтымақтастық ұсына алады. Қазақстан кәсіпорындары мұнай-газ құрылғыларын, тыңайтқыштарды, астық, ұн мен макарон өнімдерін экспорттай алады. Сондай-ақ туризмді дамытуда да ортақ мүдде бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста