Министр қарыз құрылымын жіктеп берді

Ресми дерекке сәйкес, Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 123,8 млрд долларды құрап отыр. Бұл аз ба, көп пе? Қарыздың құрылымын жік-жікке бөліп баяндаған қаржы министрі «сыртқы қарыздан еш қорықпау керек» дейді.
Мемлекеттің сыртқы қарыз мәселесі соңғы уақытта халықаралық тақырыптағы ең өзекті, күн тәртібінің бірінші проблемасы қатарында тұрғаны шындық. Өйткені қа­зіргі есеппен әлем елдерінің басым көп­шілігі қарызға «өмір сүріп жатыр». Сақа сарапшылар осы­ған қатты алаңдаулы. 2007-2008 жылдары бас­талып, әлі де сейілмеген, қайта қаһа­рына міне түскен жаһандық дағдарыстың қазіргі тегін де сарапшылар мемлекеттік борыштар «буымен» сипаттайды. Басқасын былай қойыңыз, әлемнің ең ірі эконо­микасы саналатын Еуроаймақ та, АҚШ та дербес қарыз дағдарысына тап болды. Шыға алмай отыр. Мұхиттың арғы жағын­дағы алпауыт елдің сыртқы борышы ЖІӨ-ге 100 пайыздан асып кетсе, еуроаймақтың «бас ауруына» айналған Грекияның мем­лекеттік қарызы 167 пайызға жетіпті. Грекиядан кейінгі «қарыздың» қара тізіміне Испа­ния мен Италия да ілігіп жатқаны жасы­рын емес. Сондықтан болар  өткен жолы депутат Қуаныш Сұлтанов пен Нұртай Сабильянов мемлекеттің сыртқы қарызы туралы мәселені кесе-көлденең қойып, мүдделі министр Болат Жәмішевті алдыға келтіруді, қалаулыларды нақты ақпаратпен қанықтыруды сұраған. Сөйтіп, Мәжілістің кешегі Үкімет сағатында еліміздің бас қаржыгері Болат Бидахметұлы Қазақстан­ның сыртқы қарыздарына қатысты жай-жапсармен таныстырды. Таныстырып қана қойған жоқ, депутаттардың аптығын басу­ға тырысты. Министрдің мәліметіне сүйен­сек, 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бо­йынша мемлекеттік және барлық нысан­дағы меншік субъектілерін қоса алғанда Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 123,8 млрд долларды құрайды. Бұл жалпы ішкі өнімнің 66,6 пайызын құрайды. Ал әлемдік қарыздар арасында Қазақстанның борыш көлемі 36-орынға тұрақтайды. Дегенмен министр бұдан еш қорықпауға шақырды. Сосын борышты бас-басына жік­теп тастады. Сөйтсек, мемлекеттік қа­ры­зымыз тым аздау екен. Оны 60 пайызға дейін көтеруге де болатын көрінеді. Мәсе­лен, сыртқы борыш құрылымында  тікелей мемлекеттің қарызы – 5 млрд доллар (жал­пы сыртқы борыштың 4 пайызы), квази­мемлекеттік сектор қарызы – 21 млрд долларды (17 пайыз), екінші дең­гейлі банктердің борышы 8 млрд долларды (7 пайыз) құраса, корпоративтік сектор бо­рышы 90 млрд долларды (72 пайыз) құ­рап отыр. «Мінеки,  Қазақстанның сырт­қы қарызының құрылымындағы сүбелі үлес корпоративтік секторға, яғни мемле­кет­тік емес не болмаса мемлекеттің қаты­суы 50 пайыздан да кем кәсіпорындарға тиесілі.  Ал сол 90 млрд доллардың 60 млрд-ы – тікелей шетелдік инвестиция болып саналатын фирмааралық қарыздар. Басқаша айтқанда, бұлардың ең көбі мұнай-газ секторындағы шетелдік компа­ниялар болып табылады және олар өзде­рінің Қазақстандағы еншілес компания­ларын қаржыландырып отыр. Осылай есептесек, Қазақстанның сыртқы қарызы қолайлы деңгейден асып кеткен жоқ. Тіпті бұл – біз үшін аса ыңғайлы көрсеткіш», – дей­ді Болат Бидахметұлы. Бұл ретте ми­нистр депутаттардың соңғы он жыл бойын­ша еліміздің сыртқы борышы қолайлы индикаторлық деңгейден асып кетпегенін айтып сендірді.  Дәлел ретінде Дүниежүзілік экономикалық форумның есебін алға тартты. Ол есеп бойынша «мемлекеттік борыш» бағытындағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік деңгейінде Қазақстан жоғары көрсеткішті иеленіп, 12-орынға көтеріл­ген. Дегенмен соңғы жылдары мемлекеттің борышы төмендегенімен,  ұлттық холдин­гілер мен компаниялардың сырттан алған қарыздары керісінше өсе түскен. Деген­мен бас қаржыгер квазимемлекеттік сек­тор­дың қарыз алуынан да «қорқыныш» жасау­ға болмайтынын ескертіп, сөзсіз орын­ды үдеріс ретінде танитындығын айтты. «Сонда да сыртқы қарызды негізсіз өсірмес үшін,  «Самұрық-Қазына» қоры­ның еншілес ұйымдарын, «ҚазАгро» хол­дин­гі мен  Қазақстанның даму банкін қос­па­ғанда, басқа компанияларға сырттан қа­рыз алуға тыйым салуды ұсынамыз. Екін­­шіден, ішкі қарыздар алатын компания­ларда тәуекелдерді басқарудың тиісті жүйе­лері құрылуы шарт. Үшіншіден, квази­мем­лекеттік сектордың қарызын басқару жү­йесі одан сайын жетілдіруді қажет ете­ді», – деп түйіндеді сөзін қаржы ми­нистрі. 
Алайда депутаттар бұған көндікпеді. Мәселен, Мұхтар Тінікеев:  «Банктердің борышы 8 млрд доллар дейсіз, мен 7 жыл бұрын «Әбілязов банкіне» қатысты құлақ­қағыс жасағанмын. Қайда қарадыңыз? Қазір соның бәрі мемлекеттің мойнына ілін­ді. Ұлттық компаниялар мен холдингі­лердің қарызы артып отыр, неліктен? Ай­лықтарын қысқарту керек, ендеше!» – дейді.
Дегенмен министр Болат Жәмішев те өзінікінен қайтпады. «Ұлттық компания­лардың бизнесі, олардың инвестициялық саясаты сырттан заем тартумен, бюджеттік емес қаражатпен тығыз қабысуы шарт. Дені дұрыс саясат – осы. Мен ұлттық ком­паниялардың сырттан қарыз алуына ты­йым салуға мүлдем қарсымын. Бұл қалай? Онда шетелден инвестиция тарту туралы әңгімені де шетке ысырып, жауып тастайық. Бір сөзбен айтқанда, бізге қарыз қорқы­нышты емес, тәуекелдерді туындатпау үшін оны басқаруды реттесек жеткілікті», – дейді бас қаржыгер.
Гүржістан қарызды қайтармай отыр
Қазақстанға сыртқы мемлекеттер қанша қарыз екен деген сұрақ туындайды.  «1991-92 жылдан кейін есеп айырысу мәселелерінде бірқатар проблема болып еді. Осы жылдары тәуелсіз мемлекеттер арасында өзара міндеттемелерді жүзеге асыру тетігі келісілген болатын. Бұған ұзақ уақыт өтті. Сол кездегі міндеттемелер сол уақытта бекітілген күйі қалды. Дегенмен бізде қазір Беларусь елімен қарызды реттеу мәселесі біршама түсініксіз болып отыр. Олар «Қазақстан бізге қарыз» дейді, біз «Беларусь Қазақстанға қарыз» дейміз. Яғни бұнда мәселе баршылық. Осындай реттелмеген қатынастар Түрікменстанмен де бар», – дейді Болат Жәмішев. Бір сөзбен айтқанда, Кеңес Одағы ыдыраған тұста орын алған біршама түсініксіз түйіндер әлі шешілмегенге ұқсайды. Енді тәуелсіздіктен кейінгі кезеңге келсек, онда Грузия Қазақ­станға 20 млн доллар қарыз. Алайда бер­гісі келмейтіні білінді. «Қазіргі уақытта Грузия Париж клубының шешіміне сілтеп, өздерінің міндеттемелерін орындауды тоқтатып тұр. Өйткені Париж клу­бының тала­бына сәйкес, олар өзде­рінің қарызда­рының құрылымын қайта қараған болатын. Осыны негізге алып, олар біздің алды­мыздағы міндеттемелерді орындамай отыр. Бұл қарыз шамамен 20 млн доллар­ды құ­райды және әлі де мәселе талқылану үстін­де», – дейді министр.
«Қарызсыз Қазақстан – 2020»... Мүмкін бе?
Жалпы, қандай болсын, қарыздың атының өзі жақсы емес. Білікті бизнесмен-депутат Нұртай Сабильянов қарызсыз мемлекет атансақ деген ұранды да сол үшін көтерген тәрізді. Бұл үшін Нұртай Са­ли­хұлы«арнайы заң жобалары әзірленсе, арнайы бағдарлама қабылданса» дейді. «2020 жылға дейін Қазақстанды қарызсыз мемлекетке айналдыру туралы арнайы бағдарлама қабылдасақ игі. Оны жүзеге асыру арқылы мемлекеттік қана емес, корпоративтік сектордағы қарызды да азайт­сақ. Өйткені біз шетелден қарыз ал­ға­нымызбен, оны дұрыс пайдаланбай жат­қа­нымыз да шындық», – дейді депутат Нұр­тай Сабильянов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста