Астанада «Елбасына тілек» атты көрме ұйымдастырылды

Астана қаласы ішкі саясат басқармасы мен білім басқармасы және №1 өнер мектебі бірігіп, жасөспірімдер мен балғындар арасында «Елбасына тілек» атты үлкен көрме-конкурс ұйымдастырған еді.
Ұйымдастырушылардың айтуына қа­рағанда, негізгі қатысушылар – бала­бақ­ша тәрбиеленушілерінен бастап колледж шә­кірттерінің аралығындағы балалар. Жалпы жобаға 400-ден аса жұмыс келіп түскен. Соның ішінен таңдалып алынған 70 жұмыс марапатқа лайық деп табылды.
Балалардың жас ерекшелігіне қара­мастан әрбір қатысушы өзінің шынайы ше­берлігін танытуға тырысқан. Әдетте «кә­сі­би» атанып жүрген суретшілердің қолынан шы­ғатын абстракциялы шимай-шатпақтан гөрі бұл көрмеде қойылған полотнолардан тазалық пен мөлдірлікті, сәбиге тән пәк­тік­ті, балғындықты байқадық. Саясаттан бей­ха­бар, кіршіксіз, риясыз көңілдерінен шық­­қан туындыларын Нұрсұлтан атала­рына арнаған балалардың бәрі мәз. Шат-ша­дыман күлкі, мәз-мейрам болған бө­бек­тер адамның жанын рақатқа бөлейді екен.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл конкурстың ақтық кезеңіне қатысқан 20 оқушы  Президентпен бірге  суретке тү­су құрметіне ие болмақ.
Әлия СҮЛЕЙМЕНОВА, 48-мектеп-лицейінің технология пәнінің мұғалімі:
– «Елбасына тілек» шығармашылық байқауы өз деңгейінде өткеніне көзім жетті. Шедевр болмаса да, жоғары дең­гейдегі жұмыстар көрмеге қо­йыл­ған. Балалардың ойының ұшқырлығы көр­меге келген көрерменді ғана емес, со­нымен қатар тәжірибелі ұстаздарды да таңғалдырғаны сөзсіз. Өзіміз күн­де­лікті сабақ үйрететін оқушыларымыздан да өнер саласында үйренеріміз көп еке­нін түсіндім. Әсіресе қолөнер мен су­рет номинациясында тым ерекше жұ­мыстар жақсы бағаланғанына қуандым. Қазылардың шешімі еңбек пәні мұғалімдерінің көзқарасымен бір жерге түйіскені тіпті ойламаған жағдай. Әрбір оқушының жұмысынан па­триот­тық тәрбие, ұлттық нақыш, Отанға де­ген шексіз махаббат лебі есіп тұр. Тә­уел­сіздігіміздің тұғырының биік бо­ларына балалардың бүгінгі шынайы се­зімдері куә. Бұл балалардың ойлары ер­кін, саналары азат. Бәлкім, сондықтан бо­лар, барлығының бойынан, сөйлеген сөзінен, тіпті жасаған жұмыстарынан да тәуелсіз рухтың көрініс беруі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста