Арағайындық - асыл қасиет

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ренжіскен екі туысты немесе екі досты татуластыру, табыстыру - сауапты да қайырлы іс. Бұл туралы Құран, хадисте де аз айтылмайды. Ал руханияттың сарқылмас көзі саналатын қазақ дәстүрінде мұны арағайындық дейді. Данышпан бабаларымыз Исламның осынау құндылықтарын салт-дәстүр арқылы біздің қанымызға сәтімен сіңіре біліпті. Яғни өзін қазақпын деп есептейтін, санасы сау кез келген азаматтың бойынан бұл қасиетті оңай аңғаруға болады.
Дегенмен араздасқан тараптардың арасына түсіп, оларды татуластыру дегеніңіз екінің бірінің қолынан келе бермесе керек. Аузында дуасы жоқ адамды кім тыңдасын?! Араз ағайынды жарастыру – үлкен жауапкершілік. Мәселен, кейбір деректер мен аңыздарда кезінде әйгілі Қажымұқанның әкесі Мұңайтпас ағайындарымен ренжісіп, өзі жасап жатқан Ақтөбе ауылынан (Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы) Арқаға көшіп кетеді. Бұл жерде ешкім де Мұңайтпас атамыздікі дұрыс па, жоқ, ағайындарынікі дұрыс па - деген сауал қоймаса керек. Мұндағы мәселе басқада. Қалай ойлайсыздар, «бір ашуыңды бер» деп ағайындардың ішінен бір азамат болашақ әруақты палуанның әкесінің шылбырына жармаспады дейсіз бе?! Жармасқанда қандай?! Бірақ ашулы ерді ешкім алған бетінен қайтара алмаған. Осылайша Қажымұқан атамыздың саналы ғұмырының басым бөлігі Арқа жерінде өтті. Бабалардың руханиятының күштілігін көрмейсіз бе, Мұңайтпастың үйелменіне ешкім де бөтенсің деген жоқ. Өзіміздің қарға тамырлы қазақтың баласы деп қарады. Дегенмен бұл Мұңайтпастың ағайындарына бәрібір қиын тиген болса керек. Ол заманда ағайынды сиыстырмады деген айып айыптың үлкені болғанға ұқсайды.
Ал Құнанбай мен Бөжей арасындағы бітіспестей көрінген даудың ру басыларының араласуынан кейін шешілгенін Мұхтар Әуезовтің атақты «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы білеміз. Ру басыларының шешімімен Құнанбай кішкентай қызын Бөжейге қыз қылып береді. Қысқасы, тарихқа сәл көз жүгіртсек, мұндай мысалдар қазақ даласында өте жиі болмаса да әредік-әредік бой көрсетіп отырған. Бұл нені білдіреді? Бұл біздің халықтың жанына татулық пен ынтымақты жалау еткенін білдіреді.
Мұны неге айтып отырмыз? Баршамызға белгілі, бүгінде аз ағайынның арасындағы араздықты былай қойғанда, алып мемлекеттер де бір-бірімен қырғи-қабақ келіп қалып жатады. Сириядағы азаматтық соғыс, Израиль мен Палестина арасындағы қарулы қақтығыстар, Украинадағы текетірес, Таулы Қарабахтағы территория дауы... Осылай кете береді, кете береді. Бұл елдердің көпшілігінде қырылысып жатқандар - бірімен-бірі туыс ұлттар. Бірақ оларға қазір «бұларың не?» дейтін ешкім болмай тұр, яғни арағайын болатын «үлкендер» көрінбейді. Соның салдарынан күн сайын оққа ұшып, терактілерден қырылып жатқан бейбіт тұрғындардың санында есеп жоқ. Шынын айту керек, Біріккен Ұлттар Ұйымы секілді беделді халықаралық ұйымдар да бұл мәселеге келгенде қауқарсыздық танытуда.
Сонда қалай, билікті бөлісе алмағандардың пейілі үшін қарапайым халық қой секілді қырыла беруі керек пе? Қой екеш қой да өлерінде бір тұяқ серіппейтін бе еді?! Жиырмадан астам мемлекеттен тұратын арабтардың арасынан біреуі шығып, неге Палестина қасіретіне ара түсе алмайды? Біреуді айыптаудан аулақпыз, әрине, бірақ қазір нағыз сын сағаты. Бұл кезде үндемей қалудың өзі соғысты қолдағанмен бірдей.
Бір қуанарлығы, осындай сын сағаттарында қазақ халқы бейтарап қалып көрген емес. Қанда бар қасиет, біздіңше. Мәселен, күні кеше ғана түбі бір орыс пен украин халқына арағайын болды, араша түсті. Өзгелер өршіп тұрған отқа май құйып жатқан сәтте Қазақстан өзгеге үлгі болатындай қадам жасады. Көрші елдерде орын алып жатқан жағдай бізді де бей-жай қалдырмайды, оны жай ғана сырттан бақылау азамат елге тән емес.
Кешегі Минскіде өткен Кеден одағына мүше елдер президенттері мен Украина басшысының кездесуін төрткүл дүние тағатсыздана күтті десек өтірікші бола қоймаспыз. Жұртқа Путин мен Порошенко арасындағы диалогтың қалай өрбитіні қызық көрінген. Жасыратын несі бар, біздің елде де қазір ең қызу талқыланатын тақырыптардың бірі – осы Украина тақырыбы.
Минскідегі кездесуден кейін проблема түп-түгел шешіліп кетпесе де, сең орнынан қозғалғандай болды. Төрт елдің басшылары бас қосқан жиында Нұрсұлтан Назарбаев Путин мен Порошенконы бітімге шақырып, бұл қақтығыстардан ешкімге пайда келмейтінін тараптарға жеткізе білді.
Айта кету керек, бұл президенттердің соңғы кездесуі емес. Іске нүкте қойылғанша мемлекет басшылары әлі бірнеше рет келіссөз үстеліне отырады. Осы келіссөздердің нәтижесінде Ресей мен Украина татуласып жатса, оған Қазақстанның да қосқан үлесі қомақты деп есептей беріңіз.
Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлы бұған дейін де халықаралық талай даулы мәселелерде арағайындық міндетін адал атқарған. Бұған мысал ретінде кешегі тоқсаныншы жылдардың басындағы Таулы Қарабахтағы жағдайды айтуға болады. Әзірбайжандар мен армяндар арасындағы жер дауының соңы бүкіл Қап тауын жайлайтын үлкен соғысқа ұласып кете жаздаған. Екі жақтан да адам шығындары болды. Сол сәтте Қазақстан Президенті Армения мен Әзірбайжан басшыларын сабырға, тоқтамға шақырып, мәселенің бейбіт шешілуіне себепкер болған еді.
Дәстүрден бастап, саясатқа ауысып кеткенімізді өзіміз де сезіп отырмыз. Алайда мына дүниеде бәрі бірімен-бірі тығыз байланыста. Біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді осындай сын сағаттарда көрсете алмасақ, дәстүрімізден адасқанымыз болып шықпай ма?! Ал дәстүріне адал елдің болашағы жарқын екендігін бүгінде түсіндіріп жатудың өзі артық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста