Өнерде де, өмірде де бірге жүрген жарасымды жұп Мирас пен Құралайға жылқы жылы өте құтты жыл болды. 6 айға созылған үй құрылысы аяқталып, өнер жұлдыздарының ішіндегі ең үлкен, үш қабатты зәулім сарайдың қожайындары атанды.
Бұл үйге жұмсалған қомақты қаржы да өте үлкен. Енді, жаңа жылда еліміздің шоу-бизнес өкілдері сарайдың қоныс тойын тойлауға келмек. Үй саламыз деп әншілеріміз 1 жылдың ішінде 15 кг салмақ тастап, елді таң қалдырды. Соған қарағанда, үй салу оңай соқпағанға ұқсайды.
Тағы бір қуаныш. Жақында Мирас мырза «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Творчестволық Бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталды. Отбасы үшін бұл көптен күткен жақсы жаңалық болды. Өйткені, өнер саласына өз үлесін қосып жүрген, шәкірт тәрбиелеуде де үздіктердің қатарында жүрген жұлдызды жұп – еңбектерінің жемесін көргендеріне алғыс білдіруде.
Сонымен қатар, Мирас пен Құралай дуэті Тәуелсіздік мерекесінің алдында, желтоқсан айының 12 жұлдызы, Семей қаласында, «Туған жерге тағзым» атты есеп беру концертін өткізбек.
lite.bnews.kz