Жұлдызды әкелер мен олардың үлгілі ұлдары

Әке бала үшін қашанда үлгі. Әсіресе, ұл балалардың әкеден алар өнегесі көп. Әлбетте, әкенің берер өнегесі, үйретері мен көргені көп болса ғана. Бүгін біз «жұлдызды әкелер» мен олардың ұлдары туралы сөз қозғамақпыз. Әкелердің «жұлдызды өмірі» оларға не берді? Олар әкелерінен не ала алды? Өнері мен өмірі қатар жүрген әкелер мен олардың ұлдары қандай? NUR.KZ осы сұрақтардың жауабын іздеп көрді.


 

Кыдырәлі Болманов

ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ

Әнші Қыдырәлі Болманов мен Қарақаттың төрт ұлы бар. Кіші ұлы Айсұлтанның жасы 3-те болса, үлкен ұлы Бекболат 15 жаста. Қарақаттың айтуынша, Қыдырәлі ұлдарына үнемі жақсы сөз айтуды үйретіп отырады және отбасында дауыс көтеруді ұнатпайды. Қазір Қыдырәлінің ұлы қазақ-түрік лицейінде оқиды. Оның бар арманы – футболист болу. Бекболаттың инстапарақшасы оның футбол алаңындағы суреттеріне лық толы.

Бекжан Тұрыс және Мағжан

ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ

«Ұят болмасын» бағдарламасындағы атасының жанында еріп жүретін Мағжанды жақсы білетін боларсыздар? Сүйкімділігіне сөзге шешендігі мен өжеттілігі қосылып, ол ауылдың қарапайым қаракөз баласын сәтті сомдап шыққан еді.  Сол кездері елдің бәрі Мағжанның образынан өз баласын көре алатын. Бүгінде Мағжан әкесінің ізін қуып, үлкен өнерге қарай адымдап басып келеді. «Әке көрген оқ жонар»-деп бекер айтылмаса керек. Естеріңізге салсақ, былтыр Бекжан Тұрыс «Ұлым, саған айтам» атты моноспектаклін сәтті сахналап шыққан еді. Халық сонда есейіп қалған Мағжанды көріп, бір қуанып қалған болатын.

Сәбит Әбдіхалықов және Асылжан

ФОТО STAN.KZ САЙТЫНАН АЛЫНДЫ

Сәбит Әбдіқалықовтың  жалғыз ұлы Асылжан да өнерде көтерер жүгі бар азамат болып өсіп келе жатқандай. Айгүл Иманбаеваның айтуынша, оның Сәбитпен ажырасып кеткеніне қарамастан, Асылжан мен Сәбит жиі араласып тұрған. Ол қазақ-түрік лицейін бітіріп, Прагадағы FAMU әсем өнерлер академиясының режиссура факультетіне түскен. Қазір ол өнердегі алғашқы қадамдарын жасап, кино өнерінде бақ сынап көруге талпынып жүр.

Сейфуллин Жолбарыс пен Бейбарыс

ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ

Өз концерттерінен анасын тастамайтын Сейфуллиннің ұлы да әкесінің ізін қуатынға ұқсайды. Кейінгі кездері Сейфуллиннің ұлы отандық телеарналардан жиі көрініп жүр. Бұл тұста әншінің әкелік тәрбиесі бірден көзге ілігеді. Әкесі секілді гитараның құлағында ойнайтын гитарашы болуға ұмтылған Бейбарыстан жақсы музыкант шығады деген үміттеміз.

Дәуіт Шайхисламов және Бексұлтан

ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ

Белгілі әзілкеш Дәуіт Шайхисламовтың ұлы Бексұлтан 22 жаста. Бексұлтан бір уақытта бірнеше істі қатар алып жүрген дарынды жігіт десек артық айтқандық емес. Осы орайда оның әкесінен де, анасы, белгілі бизнесвумен Дана Орманбаевадан да алар үлгісі көп болғанын айта кету керек. Себебі, бүгін Бексұлтан АҚШ-тың белгілі оқу орнын кино режиссері және продюсері мамандығы бойынша бітіріп шығып, қазір  қаржы және инвестициялар нарығын игеріп жатқан жайы бар.

Міне, ұлдары ер жетіп қалған «жұлдыздардың» берген тәрбиесінің жемісі осындай. Атақ пен даңқтың ортасында өскен балалардың кейінгі өмірі ендігі уақыт еншісінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста