Отандық жұлдыздардың шалқыған өмірі олардың табысына деген қызығушылықты арттыра түседі. Осы орайда NUR.KZ тілшісіне алматылық тұрғын хабарласып, өзінің басынан өткен жайтпен бөлісті. Атасының тойына әншілерді шақырмақ болған қарапайым тұрғын олардың сұраған ақшасын естіп, шалқасынан құлай жаздаған.
Бүгінде әншілердің гонорары ел аузындағы мәселе. Отандық жұлдыздардың дәулеті де, даңқы да, атағы да аспандап тұр. Олардың зәулім сарайлары, бағалы көліктері, қымбат әрі сәнді киімдері елдің назарынан түспейді.
Ал қашаннан той бизнеске айналған әншілік өнердің арқасында отандық өнер адамдары қол жетпес "жұлдызға" айналған. Сонда олар бір тойдан қанша ақша алады деген заңды сұрақ туындайды.
Портал тілшісіне ақпарат берген алматылық тұрғынның айтуынша, олардың сұраған құны қарапайым адамдар үшін тіпті де қолжетімді емес болып шыққан.
Нұрлан Өнербаев
Фото: Juldizdar.kz
Нұрлан Өнербаев өзінің тойда өнер көрсетуін жақсы бағалайтын көрінеді. Ол шамамен 4 000 АҚШ долларын сұрайды, оған қоса той иелері оның ұшақпен барып-келуі үшін қосымша ақы төлейді екен.
Заттыбек Көпбосынұлы
Фото: Juldizdar.kz
Зәулім сарайы бар Заттыбекті тойыңнан көру үшін оған 1 млн теңге көлемінде ақы төлейді екенсің.
Нұрлан Албан
Фото: xmusic.kz
Әжелердің ансамблін құрған Нұрлан Албан да тойға шығу құны жөнінен осал баға тағайындамапты. Ол 1 млн теңге берсеңіз, тойыңызда ән салып, ел көңілін көтеріп береді.
Жігіттер
Фото: xmusic.kz
Жігіттер тобының тойға қатысты тағайындаған бағасы - 1 млн теңге.
Жанболат пен Жазира
Фото: xmusic.kz
Ұзату тойына жиі баратын Жазира бір тойдан 2000 АҚШ долларын алады-мыс.
Рамазан
Фото: xmusic.kz
Халық сүйіп тыңдайтын Рамазан Стамғазиев өз әндерінің құнын 1 000 АҚШ доллары деп бағалаған екен.
Жеңіс Ысқақова
Фото: xmusic.kz
Жеңіс Ысқақова сынды қазақ эстрадасының майталманы бір тойда ән салып беру үшін 1 000 АҚШ долларын сұрайды екен.
Майра Ілиясова
Фото: carmen.kz
Майра Ілиясова да өзінің әріптестерінен қалмай 1000 АҚШ доллар сұрайды екен. Сонымен бірге, оған алдын ала 100 мың теңге көлемінде аванс төлеу қажет болады.
Мадина Сәдуақасова
Фото: xmusic.kz
Мәдина Сәдуақасова да 1000 АҚШ доллары үшін тойыңызды ән айтып, кештің көркін қыздыруға сеп болады.
Жеменей
Фото: xmusic.kz
4-5 ән айтып кеткені үшін ғана 1 000 АҚШ долларын сұрайтын Жеменейдің де гонорары өзгелерден қалар емес.
Әншілердің мұндай талаптары мен бір тойға шығу құнын естіген алматылық тұрғын қатты таң қалған.
Оның айтуынша, қарапайым тұрғындар үшін жұлдыздарды тойыңда ән салдыру мүмкін емес нәрсе.