Жанар Айжанова қазіргі қайын жұртымен неге араласпайды?

Жанар Айжанова бүгінде әншілікті шетке ысырып, көгілдір экранның жұлдызына айналған. Түрлі скетч-комдарда ененің рөлін сомдайды. Алайда әншінің өзі енемен бірге тұрып, оның тәрбиесін көрмеген. Маңдайыма жазылмады, дейді өзі. 

Бұл туралы Аман Тасығанның Talk Like жобасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

"Енемен бірге тұру менің маңдайыма жазылмаған, бірақ өмір бойы армандап едім. Қайтыс болған жолдасымның анасы тірі, әлі араласамыз. Ол енді жүрегі жаралы адам, біз ене мен келін емес, сырласпыз", - дейді Айжанова.
Айтуына қарағанда, қызы Айжұлдыз да әжесіне барып тұрады. 

"Егер қызым араласпаса, онда менің мұсылманшылығым қайда қалады? Өлгенді өшіруге болмайды ғой",-  дейді әнші ағынан жарылып.

Алайда бұрынғы енесімен сырлас болғанымен, Айжанова қазіргі қайын жұртымен онша араласпайтын көрінеді. Енесімен араздаспаған, сәлемі түзу, сыйластығы бар. Алайда басқа қалада тұрғандықтан, қызындай жақын бола алмаған. 

"Ондай керемет араласпаймыз. Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық демекші, маған бәрібір ана жақ жақын болып тұрады.

Бетіміз ашылып кеткен ештеңеміз жоқ. Тек олар алыста, мен мына жақта. Өздерінің қолында келіндері бар", - дейді Айжанова. 

Бұған дейін әнші екінші жолдасымен таныстығы, оның қызымен ара-қатынасы жайлыайтқан болатын. 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста