Үнемі дау-жанжалдың ортасында жүретін қызуқанды жұлдыздар

Өнер жолы - ауыр жол. Онда өсек те, мақтау сөздер де, сый-марапат та, араздық та, қызғаныш та жетіп артылады. Бүгін NUR.KZ порталы араларынан "қара мысық өтіп", өзара келіспей қалған жұлдыздарды назарға ұсынады.

 

Меруерт Түсіпбаева мен Жадыра Сахиеваның соты

ФОТО: NUR.KZ

Меруерт пен Жадыра Сахиеваның дауы биылғы жылдың күзінде басталған еді. Бірнеше айға созылған жанжалға әлі күнге дейін нүкте қойылар емес. Отандық бағдарламалардың бірінде Меруерттің "талғамын" сынға алған сәнгердің басы дауға қалды.

Бұл сынды естіген Меруерт оның сөздерін жылы жауып қоя салған жоқ. Ол сәнгерді "жоғары білімі" жоқ деп айыптап, күйеуінің арқасында көтерілген деген сөздер айтты. Ал әншінің бұл сөздеріне қарап қалмаған сәнгер оны сотқа берді. Шиеленісіп кеткен оқиға әлі де жалғасуда. Іс күрмеуінің оңды шешілуі уақыт еншісінде.

"Меломен" тобындағы түсініспеушілік

ФОТО: XMUSIC.KZ

Халықтың сүйіктісіне айналған "Меломен" тобы да ойда жоқта ел аузына ілікті. Бірнеше жыл қатарынан бірге ән айтқан танымал квартеттің "сүйкімі" аяқ астынан кетті. Қаншама қыздың жүрегін жаулаған Жігер Ауыпбаев топтан кететінін мәлемдеген.

Алайда топ продюсері, сазгер Бауыржан Есебаевтың айтуынша, Жігердің бұл шешімі орынсыз. Ал Жігер болса, топтан кетуінің үлкен себебі бар. Ол қалған үш жігітке, үшеуі Жігерге ренжіп жүрген кезде топ тыңдармандары оларғаөз наразылықтарын білдіріп үлгерді.

Асхат Тарғын мен Айбек Қоңырбаевтың тойдағы төбелесі

 

СКРИНШОТ ЖЕЛІДЕГІ ВИДЕОДАН АЛЫНДЫ

Асхат Тарғынмен тойда жанжалдасып, өзінің "атын шығарған" асаба Айбек Қоңырбаевты өнердегі әріптестері әнші ретінде таниды. Бұдан біраз уақыт бұрын Айбек мен Тарғын бігіріп "Нәзігім" атты ән жазған еді.

Бірақ, олардың бұл әріптестігі бір күннің ішінде быт-шыт болды. Олардың бір-бірін жағадан алып, жұдырық ала жүгіруі олардың қарым-қатынасына сызат түсіріп үлгерді. Видео желіге тарап кеткен соң естерін жиған әншілер төгілген абыройларын қайта орнына келтіргендей болды.

Асхат Тарғынның айтуынша, ер адам болған соң ондай жағдайлар орын алып жатады. Әншінің өнердегі әріптестері де бұл жайтты ер адамға тән қызуқандылық деп түсіну керек екенін айтқан.

Төреғали мен Ерке Есмахан дауы немесе екі әншінің продюсерлерінің керісуі

 

 

Екі әнші арасындағы дау алысқа тарады. Олар кім-кімнің атын шығарды деген мәселеге бас қатырды. Продюсер Төреәлі Ерке Төреғалимен ән айтқаннан кейін ғана жалпақ жұртқа танымал болды деп мәлімдеді.

Бұл сөзді естіген Баян ханым Төреғалимен Ерке арасындағы шығармашылық байланысты үзді де, оған ойындағысын айтып тастады. Дегенмен, қазір Ерке мен Төреғали сахнада қайта табысып, әу баста-ақ жоспарланған "Сәлеметсіз бе" әнін жарыққа шығарды.

Қайрат Нұртас пен Серікбол Сайлаубек

 

 

Қайрат пен Серікбол жақсы дос болған. Олар кештерді бірге өткізіп, бірге қуаныштарын атап өтетін. Бірақ, Қайраттың ішіп алып, аузына келгенін айтқан видеосы желіге тарап кетіп, елді бір дүрліктірген болатын.

Міне, осы оқиғадан соң Қайрат желіге бұл видеоны салған Серікбол екенін айтып, оны кінәлады. Бірақ, кейіннен Серікбол оның бұл сөзін шындыққа жанаспайтынын жеткізді. "Дешевый адамдар дешевый әңгіме айтады" деген ол, бұған өзінің қатысы барын мүлдем жоққа шығарды.

Ninety One тобы мен Ерболат Беделханға қарсы шыққан жұлдыздар

 

 

Қазақстан арнасының "Айтуға оңай" бағдарламасында Ninety One тобының продюсері Ерболат Беделхан мен айтыскер ақын Ринат Зайытов сөзге келіп қалды. Үнемі өз пікірін айтып салатын Ринат Зайытов топ мүшелерінің сырт келбетін ұнатпай, оларды сынға алды. Ерболат Беделхан мен Ринат арасындағы дау дауға ұласа түсті.

Қоғам топқа қарсы және топты жақтаушылар болып екіге жарылды. Алтынбек Қоразбаев, Ринат Гайсин, Әдемі, Дина Нұржігіт секілді тұлғалар  топ мүшелерін қолдап шықты. Заттыбек, Сәкен, Асхат Тарғын мен Төреғали Төреләлілер болса, керісінше, оларды сынның астына алды. Дегенмен, Ninety One тобына деген жастар тарапынан сұраныс ерекше артып тұрғанын да атап айту керек.

Ұлықпан Жолдасов пен Бауыржан Ретбаев

 

 

Ұлықпан Жолдасовтың продюсерлігімен құрылған «Дауыс KZ» тобының әншісі Бауыржан Ретбаев топтан кетіп қалды. Оған себеп Бауыржан Ретбаевтың отбасы топтың тағы бір мүшесі Бердібек Құлғараевты мойындамауы болған.

Олар Бердібек Бауыржанмен ән айтуға лайық емес дегендіктен, Ұлықпан Бауыржанмен арадағы келісім-шартты бұзғанын мәлімдеген болатын. "Ретбаевтар отбасы дуэт жұмысына кедергі келтірді", - деді Ұлықпан.

Баян Есентаева мен Сон Паскаль

 

 

КТК арнасындағы «Наша правда» бағдарламасына шақырылған Сон Паскаль Баян Есентаеваға дөрекі сөйлегені үшін жақпай қалған.

Сон Паскальді Баян ток-шоу жүргізушісі Алексей Шахматовқа дөрекі сөйледің деп айыптап, арты шуға айналып кеткен оқиға шетел әншісін студиядан шығарып жіберумен аяқталған болатын. Бірақ, Баян өзінің әрекетіне еш өкінбейтінін айтқан.

Мөлдір Әуелбекова мен Индира Елемес

 

 

Жас әнші Мөлдір Әуелбекова продюсерлікке бет бұрып, жаңа және ең бірінші жобасы ретінде Индира Елеместі таңдап алады. Дегенмен, араға уақыт салып, екі әнші екі бөлек кетеді. Жұрт бұл екі қыздың өзара қарым-қатынасына сызат түскен деп болжап, оларға қатысты түрлі әңгімелер тарай бастайды.

Дегенмен, кейіннен Индира мен Мөлдір желідегі парақшаларына жағдайды түсіндіріп, екеуінің екі бөлек кетуіне басқа жайттар себеп болғанын мәлімдеген. Олардың айтуынша, өзара қарым-қатынаста ешқандай кілтипан жоқ. Тек жұрт оларды дұрыс түсінбей қалған.

Қос продюсердің жанжалы

ФОТО: СOMODE.KZ

Алуа Қонарова мен Баян Есентаеваның мықты продюсер екеніне ешкім шүбә келтірмейді. Бірақ, қазақта "екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды" деген сөз бар. Олардың өзара дауына Жанар Дұғалова себепші болған.

Нақтырақ айтсақ, оның халықаралық байқаудағы жеңісіне қатысты Алуа жағымсыз пікір айтқан. Баян Алуа Қонарованың берген бір сұхбатында айтқан сөздеріне наразы болып, "Жанар бұл байқауды өз күшімен жеңіп алғанын" баса айтты. Дегенмен, олардың арасындағы кикілжің әлі де шешімін тапқан жоқ. Қос продюсер бүгінгі таңда татуласқан жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста