"Тыңдамаймын": Абай Бегейдің қызы әкесінің әндерін білмейтін болып шықты

Абай Бегей қызының өнер жолына келгенін қаламаса да, әнге деген құштарлығын көріп, сахнаға шығуға рұқсат еткенін айтты. Алайда әншінің қызы әкесінің әндерін білмейді екен. Бұл туралы өнер иесі "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

 

“Өзім өнер жолының қиын екенін сезінгеннен кейін, қызыма өнерге жақындама деп айтқан едім. Өнерде жүрген әпке-қарындастарымды да көріп жүрмін”, - дейді Абай Бегей.

Ал әншінің қызы Сымбат әкесінің барлық әндерін тыңдамайтын, тіпті білмейтін болып шықты.

“Әкемнің барлық әндерін білмеймін. Соның ішінде “Бағалым” мен “Аймүсін” әндерін тыңдаймын”, - дейді жас жеткіншек ағынан жарылып.

"Бір үйге бір той әншісі де жетер" деп ойлаған Бегей болашақта қызына тек сапалы әндер айтқызуды жоспарлап отыр.

“Қазіргі таңда үлкен жобаларға, концерттерге шақырту алып жатыр. Жоспарым - болашақта фонограммамен ән айтқызбау. Кез келген концертте жанды дауыста ән айту, сосын тойға шығармайын деп отырмын.

Өзім тойда жүрмін. Қазақ болған соң тойсыз болмаймыз. Ағайындарымыз шақыруы мүмкін, ондай жерлерге барамыз, әрине.

Бірақ тек қана той іздеп, ойнақы әндер айту ниетіміз емес. Таза өнерге қосқан үлесіміз болсын деп жақсы-жақсы әндер таңдап жатырмыз", - дейді Абай Бегей.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста