"Сүт шықпай қалса да емізе беру керек": Динара Сұлтан жас аналарға кеңесін айтты

Әнші, көп балалы ана Динара Сұлтан жас аналарға кеңесін айтты. 6 баланы өмірге әкелген ол өз тәжірибесімен бөлісіп, керек кеңес айтты.

"Ана мен баланың байланысы ананың сүтімен. Бес баламды тек өзімнің сүтіммен өсірдім,11 ай емізіп, есін әлі дұрыс білмей тұрғанда шығарып жіберетінмін, өсіп кетсе суалту қиын боп қалады. Бірақ, кейбір жас аналарға сүт аз келеді, кейде мүлдем келмейді өкінішке орай. Оның бәрін негізі жеңуге болады. Менің өз басымнан өткен оқиға: Алтыншы сәби дүниеге әкелдім, мен уже профессиналмын деп жүрсем, балам қырықынан шығар шықпастан омырауымды мастит қылып алдым. Қалай екенін мүлдем түсінбедім, қызуым 39-дан түспей, басым ине тыққандай ауырып, балам еме алмай шырылдап, қатты ауырдым. Негізі өте төзімді едім, бірақ мына ауру жас ана, не көп балалы ана деп таңдамайды екен.

 

Дұшпанға да тілемеспін. Жасамаған әрекет қалмады. Массаж, саудым да, компресс т.б. Төрт күннен кейін роддомда танысқан бір әйелге барып сауғыздым (консультант по гв) кішкене босағандай болды. Бірақ, кеште тағы басталды. Интернеттен неше түрліні тауып жасамағаным қалмады, ең басты менің қателігім ол спирт ысқыладым, массаж жасадым. Екі-үш күн өте ауруым басылды, онымен бірге сүтім де жоқ болып кетті. Бір жақта бар тамшылап,ал екіншісі мүлдем жоқ болып кетті.

Әнші жас аналарға баланы емшектен ерте шығармауға кеңес береді. Себебі ана сүтін емен баланы иммунитеті жоғары болады. Ана түсінде барлық қажетті дәрімен бар дейді.

"Сонда жылағаным-ай,неге тоғыз ай домаланып, ырсылдап күтесің, одан соң жаның көк пен жердің ортасында боп босанасың, омырауың көк-ала боп емізесің, одан да басқа проблемалар жетіп жатады. Мен сол кезде жарайды енді жеңілдім деп қолымды түсірдім. Осы бала смесь ішсінші, амал жоқ енді. Бірақ аналық сезімім менің санамды оятып, жындымысың ну-ка соберись тряпка деп тұрды. Қайтпастан еміздім. Қалайда келеді деп. Аллаға шүкір жайлап-жайлап сүт келе бастады.

Сонда есіме емізе алмайтын әйелдер түсті, мүмкін кей жас аналар қорқып қалып жатады, кейбіреуі білмей қалып жатады. Қайтпаңыз! Бір таныс қыз баласын үш айында тым-жақсы келіп тұрған сүттен шығарып тастаған, неліктен деп сұрағанда аллергия деген. Ананың сүтіне өз баласында ешқашан аллергия болуы мүмкін емес! Аллергия біздің ішіп-жегенімізден тек шығады. Соның ішінде 90 % сиыр сүтінен. Сенсеңіз де сенбесеңіз де солай. Мен әзірше балам алты айға толмағанша сиыр сүтінен бас тарттым, өйткені баламның бетіне аллергия шыға берді, іші ауырды (вздутие), кіндігі сулана берді", - деп жазды әнші.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста