Кеше Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында театр күні қарсаңында "Театр көктемі 2017" фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шараға қатысқан театр актрисасы, танымал әнші Салтанат Бақаева сахнаға биік өкшелі туфлимен шығып, жұрттың көзінше құлап қалды деп хабарлайды NUR.KZ.
Салтанат Бақаева фестивальдің ашылу салтанатында. Фото: instagram
Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Бүгінгі күн өзі ерекше болғаны анық. Біріншіден, құжатымды ұмытып Астанаға ұша алмадым...Екіншіден, күллі жұрттың алдында, саxнаның қақ ортасында Салтанат тәтеміз шалынып құлап қалды.
Есіме түссе ұялып қаламын. Көргендер болса өтінемін, ешкімге айтпаңыздаршы.
"Әрине,мынандай аяқ киіммен мен құламағанда кім құлайды" деп ойладым", - дейді актриса.
Мұны көрген желі қолданушылары Салтанаттың жазбасына түрлі пікірлерді қарша боратып жатыр.
"Мына өкшемен құламай қайда барасың. Аяғың сынбапты қайта", "Енді бұл аяқ киімді кимейтіндей болған шығарсыз", "Сол үшін биік өкшелі туфли кимеу керек" деген сынды пікірлер көптеп жазылуда.