"Құрдымға кеткен мен ғана емес": Әбдірайымов құмар ойынға салынғандарға көмек көрсетпек

Осыдан біраз уақыт бұрын құмар ойынға салынып кеткен күндерін жайлы айтқан Бағлан Әбдірайымов енді осы жолға түскендерге көмектеспекші. Өнер иесі азарт ойынға шырмалған екі-үш жігітке көмек көрсеткенін де жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

 

Желідегілердің сансыз сауалы мен хаттарынан кейін әнші құмар ойынның құлына айналғандарға әлі де көмек қолын созғысы келетінін Instagram парақшасында хабарлады.

"Өткен жолы құмар ойын жайлы ағымнан жарылып сұхбат берген едім, естеріңізде болар. Шүкір, содан бері өзімді өте жеңіл, жүзім ашық сезінемін. Иә, иә, қарыз болғаным да жасырын емес. Көбі кетіп, азы қалды ғой. Бұл мәселеде құрдымға кеткен мен ғана емес, қарызға берушілер де зардап шекті ғой. Әрине, өкінішті...
"Еркектің басына не келіп, не кетпейді" демекші, өзімнің қолыммен жасағанды мойныммен көтеріп, бәрін өзгертуге әрекеттенудемін. Кейде келіскен уәдемнен айнып та жүрмін. Жарайды, ол маңызды емес деп шештім. Маңыздысы, қоғамға қайта қосылуым. Дені сау адамға дүние не тәйірі?!", - деді әнші.

Сондай-ақ Бағлан Әбдірайымов осы уақытқа өзіне екі-үш жігіттің хабарласып, олардың ойын өзгертуге себепші болғанын жасырмады.

"Санақ бойынша еліміз де әрбір үшінші отбасы "құмардың құрбаны" болып, зардап тартады екен. Бәріміз жабылсақ та, өртеп жіберсек те қолдан келетін іс емес, мойындау керек. Ол әлемдік деңгейде дамыған. Құрбандардың көбеюі - кейбір жандардың қалтасының кеңеюіне себеп болуда. Халал мен xарамды ажырата алмай адасқандар қатарындағы ел болғандықтан, біз бұған тоқтау айта алмаймыз.
Енді, қайтпекпіз? Қалай арыламыз? Сұрақ көп. Дәл осы тақырыпта психологиялық кітаптар оқып, ойымды қорытып жүрмін. Сұхбатты көріп, хабарласқан екі-үш жігіттің ойын өзгертіп, қасыма ертіп, жол көрсетіп жүрген жайым бар. Нәтиже күн сайын артуда", - дейді өнер иесі.

Осы орайда әнші алдағы уақытта құмар ойынның құрсауында қалғандар мен одан зардап шеккен отбасыларға арнайы семинар немесе рухани кеш өткізбек.

"Алдағы уақытта дәл осы тақырыпты көпшілік алдында қозғап, санасы уланған жастарды, шаршаған ата-аналарды, жанашыр бауырларды жинап, арнайы семинар әлде рухани кеш жасасам деген ойға келдім. Амалдан ниет жоғары болса, өте қатты ниеттімін. Пайдасының да орасан зор екеніне сенімдімін. Өйткені, мен жай кітаптан оқыған теориямды емес, өмірде көргенімді қозғаймын.
Менің сіздерге пайдам осы болмақ. Оқиғаның өмірден алынып, шынайылылығы өзгеге де тез түсінікті болады. Алла жәрдемші болса, ойды өзгертуге ықпалым тиері сөзсіз", - деді Бағлан Әбдірайымов.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қаңтарында "Жігіттер" тобының әншісі азарт ойынның соңында жүріп, 200 мың доллар қарызға кіріп кеткенін айтқан болатын.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста