Қазақстанның ең тартымды әйелдері

9 қыркүйекте әлем жұртшылығы Халықаралық сұлулық күнін атап өтті. Осыған орай Қазақстандағы ең тартымды әйелдердің тізімін NUR.KZ порталы Comode басылымына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Лидо

Әнші, дизайнер, модель, екі баланың анасы.

Лидо екі баланы дүниеге әкелгеніне қарамастан, өз келбеті мен дене бітімін өзгеріссіз сақтап қалған. Жас ана баларына да, өзіне де жақсай күтім жасай біледі. Ол өнерде ғана емес, сән әлемінде де өз орнын сайлап үлгерген.

Динара Егеубаева

Журналист, 31 арнадаға “Информбюро” жаңалықтарының жүргізушісі.

Ер кісілерге арналған Esquire журналы Егеубаеваны әлемнің ең тартымды арулары қатарына енгізген. 195 елден іріктелген ең көз тартарлық арулардың арасында модельдер, әншілер, спортшылар мен сұлулық байқауының жеңімпаздары да болған.

Валерия Цой

Сноубордшы.

26 жастағы спортшы талай рет Қазақстанның ең тартымды аруы аталған. Валерия – сноубордтан Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы. Жеке өмірін қашан да құпия сақтайтын ару шетелдік beauty-around.com порталында “Олимпиаданың ең көрікті спортшылары” рейтингіне енген.

Баян Есентаева

Продюсер, тележүргізуші, әртіс, редактор.

Баян Есентаева сұлулығымен ғана емес, ақылымен де ел назарына іліккен әйел. Қашан да сәнді киініп, өзгелердің назарын өзіне шебер аударта білетін Баян тартымды әйелдер арасында өз орнын сайлап үлгерді.

Әсел Сағатова

Әртіс, модель.

14 жасынан бастап модельдікпен айналысқан Әсел әртістік мансабын “Плач матери о манкурте” фильміне түсуден бастады. Кейін “Рэкетир” мен “Ирония любви” фильмдерінде рөл сомдады. Бүгінде ару қазақстандық кино әлемінде жоғары сұранысқа ие. 2013 жылы Әсел Сағатованың атынан Алматыда модельдік мектеп ашылды.

Ленара Баталова

“Рахат Лукум” тобының экс-солисі, үш баланың анасы.

Ленараның өнер әлемінен кетіп, бар уақытан балаларына арнап жүргеніне бірталай уақыт өтті. Соған қарамастан, ол ең тартымды отандық арулар тізімінде өз орнын жоғалтқан емес. Өнерде жетістікке жете бастаған шағында Ленара Лондонға оқуға кетіп, әншілікті біржолата тастауға бел буған.

Мария Зубенко

Теле және радиожүргізуші, фотомодель.

Марияны алғаш рет көпшілік “101” тобының “Я плюс ты” әніне түсірілген клипінен таныды. Содан кейін Мария модельдікке және жүргізушілікке көптеген ұсыныстар ала бастады. Бүгінде оның дауысын “Русское радио Азиядан” жиі ести аласыздар.

Екатерина Краснова

Модель, теле және радиожүргізуші.

Екатеринаның теледидар мен модельдік әлемде жүргеніне 10 жыл болды. Өз мансабында талай биіктерді бағындырған ару ең тартымды әйелдер қатарынан да табылды.

Аяулым Шалқар

Модель.

Аяулым “Дочки-матери” бағдарламасынан танымал. Ал бүгінде модельдік бизнеске бет бұрған. Аяулым ел назарына өзінің ерекше келбетімен ілікті.

Нұргүл Досмұхамбетова

Бизнес аруы.

Нұргүлді сұлулықтың үлгісі санайды. 4 баланың анасы спортпен және бизнеспен шұғылданады. Ол бүгінде Sapphire велнес-бутигінің қожайыны.

Жанна Жұмалиева

Фото: rasfokus.ru

Қазақстан аруы-2010.

Қазақстан аруы-2010 байқауында жеңген Жанна Әлем аруы-2011 байқауында “Үздік топ-модель” атағын иеленіп, әлемнің ең сұлу 10 аруы қатарына енді. Кейін Globalbeauties ұсынған әлемнің ең тартымды арулар тізімінен табылды. Рейтингтегі 500 арудың арасында Жанна 25 орынға тұрақтаған.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста