«Тойдың сәні – асаба» демекші, тойшыл халқымыз үшін сөзі мірдің оғындай, әзілі төбеден түскендей асабалардың орны қашанда ерекше. «Алаш айнасы» бұған дейін ессімдері ел аузында жүрген азулы асабалардың атын жариялап, тіпті олардың қызметі үшін алатын ақысы туралы да жазған болатын. Асабалардың ерекшеліктерін атап көрсетіп, олар жүргізген тойлардың бейнежазбаларын сайтымызда орналастырғалы бізге еліміздің түкпір-түкпірінен оқырмандар хабарласып, өздерінің көңілдерінен шыққан асабалар жайлы пікір білдіріп жатады. Осы орайда біз танымал болмаса да, халықтың ерекше ықыласына бөленіп, алғыстарын алған асабалардың тізімін жинақтауды ұйғардық. Теледидардан көрініп жүретін актер, әртіс тамадалардың сұрайтын қаламақысын жұрттың қалтасы көтере бермейтіні де рас. Сондықтан тойшы қауымға халық арасынан шыққан қарапайым асабалар жақынырақ.
Әділбай Жанязов, Алматы
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Әділбек Мақұмов, Семей
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Ғибрат Азубаев, Семей,
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Ерлан Қабатай, Өскемен
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Айбек Қоңырбаев, Қызылорда
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Роман, Атырау
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Ержан Жұмабек, Семей
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Дидар Пернебек, Тараз
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Саят, Талдықорған
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Аслан, Ақтөбе
Біз бүгін таңдаулы тамадалардың ондығын сіздердің назарларыңызға ұсындық. Алдағы уақытта біздің тізіміміз одан ары жалғасады. Өздеріңізге белгілі, біздің елімізде әрбір 5 адам өзінше асаба. Егер сіз көңіліңізден шыққан асабаны біздің тізімнен көргіңіз келсе, бізге аты-жөнін жіберіңіз. Ал егер өзіңіз асаба болсаңыз, өзіңіз туралы деректерді де бізге жолдауыңызға болады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар асабаларды бірге анықтайық, ағайын!