Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қайрат Нұртас
Дәл қазір Қайрат Нұртастың шоу-бизнестегі жаңалықтарынан бұрын, жеке өміріне қатысты тың мәліметтерді халық асыға күтіп жүр. Үнемі отбасы туралы сұрақтан бас тартатын әнші “Дара жол” бағдарламасына келесі жолы келген кезде барлығын ашып айтып беруге уәде берді. Алайда интернет беттерінде жарының есімі Жұлдыз Әбдукаримова екені жазылған мақалалар әлдеқашан шығып қойған. Алау мен Сезім есімді қыздары мен Нарұл, Хан атты ұлдары бар. Тіпті бір кездері кешінің атын “Сезім” деп қойған болатын.
Динара Сұлтан
“Отаныма дағдарыс болып жатса да ораламын” дейтін әнші жақында төрт баланың анасы атанып үлгерді. Дәл қазір сүйіктісінің жұмыс жағдайына байланыста Дубайда тұрады. Жұбайымен концерттердің бірінде танысқан. Бастапқыда бірден жақсы көрмегенін айтса да, қазір өзінің жалғыз сүйеніші екенін жасырмайды. Бірақ осы уақытқа дейін әлеуметтік желілерге сүйіктісінің суретін салып, оны көпшілікке көрсеткен емес.
Ділназ Ахмадиева
Әншінің сүйіктісімен ажырасқаны туралы жаңалықты халық өз аузынан естіді. Арада небәрі алты ай өтпей жатып сүйіктісі пайда болған. Әзірге жұмбақ жанның есімі кім екені белгісіз. Желі қолданушылары әншінің инстаграмындағы суретті көріп, жүрегін жаулаған жігіттің Нұрлан Әлімходжаев екенін жазған болатын.
Аружан Саин
Қоғам қайраткері, “Шапағат” қайырымдылық қорының директоры, тележүргізуші әрі аяулы ана Аружан Саин да неге екені белгісіз көпшіліктен отбасын жасырады. Аружанның жары туралы тек сұхбаттарынан ғана білуге болады. Өзінің айтуынша, бұрын ұшқыш болған жұбайы Алейсей бизнеспен айналысады. Ұшқыштардың жалақысы аз болған соң аталған кәсіп түрімен айналысуына тура келіпті.
Әсел Сағатова
Әсел Сағатова сүйіктісін көпшілікке жиі көсетпесе де, ол туралы үнемі айтып жүреді. Оның жары – Радий Мұхамеджанов. Бұрын ұлттық қорғаныс комитетінде жұмыс істеген жұбайы қазіргі таңда бизнеспен айналысады. Сәнбике өзі бірден сүйіп кете алған адамды жолықтырғанына қуанышты.
Жәния Джуринская
Актриса өзі айтқандай, үйдің үлкені болған соң ер мінезді келеді. Ал бұл мінезінен сескенетін сүйіктісін көпшілікке көрсете бермейді. Той жақын күндерге жоспарланбаса да, үш жылдан бері қолұстасып жүрген сүйіктісінің отбасымен, алыс-жақын туысқандарымен танысып үлгерген.
Саягүл Оразғалиева
Актрисаның отбасылық өмірден түйгені көп. Өйткені бір рет тұрмыста болып, көп қиыншылық көрген. Тіпті ажырасқан соң да алиментке байланысты қиындықтар туған. Алайда дәл қазір Саягүлдің өмірінде сүйіктісі бар. Әзірге оның кім екенін белгісіз.
Баян Есентаева
Отасқандарына 20 жылдан астам уақыт болып, алғашқы он жылда үш рет ажырасуға бел буған продюсердің сүйіктісі туралы мәліметтер аз. Мерекелік іс-шараларда, тіпті инстаграмдағы парақшасында бірге түскен суреттері де жоқтың қасы. Жұбайының есімі Бақытбек Есентаев екені ғана белгілі.
Лидо Досалина
Лидоның Руслан есімді жұбайы да бизнеспен айналысады. Әншіні оның өте ақылды екенін, балаларға ғана емес, өзіне қамқорлық таныта білетінін жиі ауызға алады. Мұнымен қатар, Лидо жұбайының нағыз ер азаматқа тән қасиеттердің иесі екенін айтады.
Луина
Әнші еш уақытта, еш жерде өзінің жеке өмірі туралы тіс жарған емес. 20 жасында дәстүрлі той өткізуді армандаған әнші уақыт өте келе талғамының өзгергенін айтады. Сұхбаттарының бірінде продюсерімен 5 жылдан бері кездесіп жүргенін ауызға алған.
Кентал
Соңғы кезде мерекелік кештерден Сандамен бірге бой көрсетіп жүрген әнші осы уақытқа дейін сүйіктісі туралы айтқан емес. Бар болғаны өзі ән арнаған қыздарымен белгісіз себептерге байланысты айырылысып кете беретінін айтады. Әншінің осы сөздеріне сенсек, өмірінде Назгүл, Перизат және Дәлидә есімді сүйіктілері болған.
Төреғали Төрәлі
2014 жылдың 26 қарашасында айтыскер ақын, әнші Төреғали Төрәлі шаңырақ көтерген болатын. Сүйіп қосылған жұбайы – Толқын Тұрарбекқызы. Десе де себебі белгісіз, Төреғали отбасын еш жерде көрсетпейді. Соңғы кезде әншіні Ерке Есмаханмен қосып жүр.
Жұлдыздардың отбасын жасыруына сіздің көзқарасыңыз қандай? Олардың бұл әрекеті қаншалықты дұрыс немесе бұрыс?