Қазақ эстрадасындағы 6 үздік патриоттық ән

Ән — өнер ғана емес, ән — өмір, ән — тарих, ән — саясат. Әнмен халықты жылатып та, жұбатып та, тіпті жаулап алуға да болады. Әсіресе, әнді тыңдай алатын, бағалай алатын, одан небір жайттардың бейнесін көре алатын сезімтал қазақ халқы үшін оның құдіреті ерекше. Ән адам жанын тербеу арқылы бүкіл халықты тәрбиелеуге қауқары әбден жетеді.
Өтпелі кезеңде ұлттық мінезімізді көркейтуге септігін тигізіп, азаматтық парыз сезімін тәрбиелеуге арқау болған әндер баршылық. Дей тұра, қазіргі таңда уақыт өткен сайын орындаушысымен бірге «қартайып» бара жатқан әндердің саны басым сияқты. Жоқ, біз бұл әндер енді шырқалмайды дегіміз келмейді. Бірақ, осы әндерге татитындай, жаңа әндер жазылмай жатқанына жабырқағанымыз деп түсініңіздер.
1956 жылы тың игеру кезінде Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылдың 7 қаңтарында Елбасымыздың тарапынан мәтініне түзетулер енгізіліп, Қазақстан Республикасының Әнұранына айналды. Тарихи шындықпен астарласып жатқан бұл әннің деңгейі де, дәрежесі де бір бөлек. Мемлекеттік Әнұран — рухани жалау. Ол бізді бейбітшілікке, ізгілікке, бірлікке, достыққа үндейді. Халқымызға адал қызмет етіп, елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға септеседі.

Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекені» де тыңдарманның отансүйгіштік рухын оятып, делебесін қоздырады. Ол шаттандырып, шарықтатып, асқақтатып жіберетін әндердің әлі де көшбасында келеді. Қуаныш-қайғысын әнмен жеңілдететін қазақ үшін бұл ән қашанда халықтың сұранысына ие. Қазақ ССР-ның 50 жылдық мерейтойына жазылып, патриоттық рухтың құнарлы мәйегіне айналған «Атамекен» әніне биыл 45 жыл толып отыр екен.

Тіршілігінің бар тынысы, тармақ-тарауы әнмен астасып жатқан, ен даланы еркін жайлаған елді жігерлендіре түсетін тағы бір ән 1996 жылы дүниеге келген еді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеуханның «Елім менің» атты әні бірден тыңдарман жүрегін жаулап алды.

Жақсы әннен өзіңше бір сыр тыңдап, ләззат алатынымыз жасырын емес. Оның әсерімен сол әншіні өзімізге жақын тартып, жақсы көретініміз де рас. Сондай төрт құыласы тең түскен әннің тағы бірі – 90-шы жылдардың ортасында туған Роза Рымбаеваның орындауындағы «Қазақ елі». Сөзін жазған — Сейдолла Бәйтереков, әні – танымал композитор Шөмішбай Сариевтікі. Біршама лирикалық сарынмен астасып жатса да, бұл ән төбе құйқаңды шымырлатпай қоймайды.

Елім дегенде езіліп кетуге даяр жүрекке махаббат пен қатар мақтаныш сезімін ұялатқан, әдемі әуені мен мазмұнды мәтіні үйлесім тапқан әннің бірі – әрине, Музарт тобында. Оған дәлел, Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің әні «Өз елім». Орнымыздан тік тұрып құрмет көрсетпесек болмайтындай көрінетін бұл әнді, ойда жоқта естіп қалсақ, іштегі патриоттық сезім тулап қоя беретіні өтірік емес.

Соңғы 5-6 жылда халықтың ерекше ықыласына бөленген, жанды тебірентіп, рухты оятатын, нағыз патриоттық ән — Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені». 1992 жылдың 22 мамырында Тәуелсіз елдің көк туы қабылданған болатын. Көгілдір экраннан Елбасының байрақты тізерлеп тұрып сүйгенін көрген ақын Алмас Ахметбекұлының сағынышы мен махаббатынан туған өлең жолдарына марқұм Ермұрат Зейіпхан әуен жазады. Алғашында опера жұлдызы Майра Мұхамедқызының орындауындағы бұл әнді Ибрагим Ескендір домбырасына салып, тыңдарман қауымның көңілін ерекше баурап алады.

Өмірінің кез келген бөлігі әнмен өріліп жатқан қазақ үшін әннің құдіреті ерекше. Әнсіз өмір жоқ. Тәуелсіздігіміздің жылдарында талай жақсы әндер өмірге келіп жатыр. Оларға деген сұраныс та артып келеді. Сондықтан да біз келесі әңгімемізде
2000 жылдардан кейін шыққан патриоттық, рухты әндерге сараптама әзірлейтін боламыз.

baistars.kz
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста