Халықты сүйікті әншісі Қарақат Әбілдина өзінің хоббиі жайлы айтып берді — деп хабарлайды Baistars.kz. Әнші қолы бос уақытында үй гүлдерін өсіріп, оларды баптап қарағанды жақсы көреді екен. Ол туралы өзінің инстаграм парақшасында: «Әр адамнын сүйiкті iсі, яғни хоббиі болатынындай менiң бала кезiмнен ұнататын iсiм ол — үй гүлдері.
Ес бiлгелі анамыз ауылдағы үйiмiзде жағалай гүлдер өсiретiн.10 бөлмелі үйдiн барлығының терезесiнiң алды жайкалған гүлден көрiнбеушi едi. Қай жерде, қай қалада қонақта болмасақта сол жақтан әдемі гүлдер көрсек сұрап, сұрамай тығып әкелiп, суға салып тамыры шыққаннан кейiн, топыраққа табиғи құнарлы тынайтқыштар қосып әдемілеп гүлдi ыдысқа отырғызатынбыз. Қазiргiдей неше түрлі әдемі гүл ыдыстары болмайтын темiр шелек, капрон шелектердiң сыртын краскалап оған гүлдiн суретiн салып,оны кептiрiп әбден әлек болушы едiк. Бүгiнде ғылымның дамығаны соншалықты 280 түп гүлді үйiмнiң қабырғасына орналастырып, оған компьютерлiк жүйе арқылы жарықты, суды, минералды өз мөлшерiмен нақты уақытында берiп отыратын қылып жасаған шетелдiк мамандар менiң арманымды орындағандай…
Гүлдерiм өзiм сиякты өте сезiмтал,нәзiк тiршiлiк иесi…»-деп жазды.
Қарақат Əбілдина хоббиі жайлы айтып берді
Читайте также
Жұлдызы жарасқан жұптар немесе жұбы жарасқан жұлдыздар
Бүркіт, әнші: "Қазақтың қызы табылмады ма?" деген сынды жиі естимін
Атақты асабалар: кім қанша сұрайды?
Қазақстандық белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қатерлі ісікке шалдықты
Қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптар (фото)
Қазақтың 100 әншісі жабылып бір Бейонсенің табысына жете алмайды
Последние статьи автора