Елімізге танымал "Алашұлы" тобының әншісі, актер Мақсат Рахмет театрдағы жаңа образын көпшілікке көрсетіп, ел назарын аударды. Ол жақында тұсауы кесілетін спектакльде басты рөлді сомдайды деп хабарлайды NUR.KZ.
Мақсат Рахметтің Instagram желісіне жариялаған суреттері жұртты елең еткізбей қоймады.
Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етіп жүрген әншінің жазбалары да көптің қызығушылығын тудырған сыңайлы.
"Өзіңіз айтыңызшы, байлықты біреумен бөлісуге болады... Ал, даңқты біреумен бөлісуге бола ма?", - деп жазған ол барша өнер сүйер қауымды театрдағы премьераға шақырады.
Тек 16 жастан асқан көрермендерге арналған бұл қойылымның тұсауы 16 қаңтар күні кесіледі екен.
Түрлі әлемдік сахналарда қойылған "Забыть Герострата!" атты спектакль Мүсірепов театрында қазақ тілінде "Ұмытыңдар оны..." атауымен ел назарына ұсынылмақшы.