Танымал ресейлік әнші Егор Крид Астанадағы концерттен соң балалармен суретке түспей қойған. Бұл туралы белгілі продюсер, "Алматы концерт" ЖШС директоры Константин Коротков өзінің facebook парақшасында айтты.
Отандық продюсер, көптеген концерттердің ұйымдастырушысы Константин Коротков Астанадағы концертен соң балалармен суретке түсуден бас тартқан танымал ресейлік әнші Егор Кридті Facebook желісінде балағаттап тастады. Ашуға булыққан ол мұндай әншілерді елге әкелмеуді сұрады.
"Егор Крид секілді арсыз кеше Астанадағы концерттен соң балалармен суретке түсуден бас тартты. Олар оны бір жарым сағат бойы күтті. Мұндайларды Қазақстанға әкеліп, ақша төлеуді қояйық. Қай жерден шықса, сонда барып ән айтсын", - деп жазды ол.