«NN Bek» тобы жаңа құраммен жаңа бейнебаян ұсынбақ

«Жаным», «Қыздар-ай» сияқты көпшіліктің көңілінен шыққан әндерімен танымал болған «NN Bek» тобының жаңа құрамы жақында көрермендерге жаңа бейнебаян тарту етеді.

Естеріңізге сала кетейік, ұзақ уақыт сахнадан көрінбей кеткен «NN Bek» тобының құрамы өзгерген болатын. Топтың құрамында осыған дейін Бек, Нақыпбек, Мәди есімді талантты жігіттер өнер көрсетіп келді. Қазір жаңа топтың құрамы екі жігіттен тұрады.

«Топта екі жігітпіз. Қасымдағы топтың екінші мүшесі Боб атты жігіт. Боб деп өзіне лақап ат шығарды. Топтың аты «NN Bek» болып қала береді. Ал жаңа бейнебаянымыз «Іздеймін» атты әнімізге түсірдік. Бейнебаянымызды клипмейкер Едгор Насыров түсірді. Жақында халыққа су жаңа альбомымызды ұсынамыз»,- деп топ жайлы топтың әншісі Нұрлыбек Пралиев жауап берді.

Осыған дейін топтың бұрынғы мүшелері «Қыздар-ай», «Жоқ», «Ғашық едім мен саған», «Кім кінәлі» әндеріне бейнебаян түсірген. Енді міне топтың жаңа бейнебаяны 8 жыл үзілістен кейін көрерменге жол тартпақшы. Сондай-ақ, бейнеклип топ мүшесі Нұрлыбек Пралиевтің әніне, Бақытжан Ауданбаевтың сөзіне жазылыпты. Сонымен қатар, жігіттердің ән қоржынында қазіргі таңда «Ойла», «Жаңа жаным», «Сездім», «Іздеймін», «Қазақстан», «Сүйкімдісің» атты бірнеше әндері бар.

«NN Bek» тобының жігіттеріне сәттілік тілейміз және алдағы күндері көрерменге жол тартатын жаңа бейнебаяндары тыңдармандарының көңілінен шығар деген сенімдеміз!

baistars.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста