Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Алтын Орфей» конкурсының лауреаты Нағима Есқалиеваның туған күні. Талантты әнші 61 жастың шыңына шығып отыр.
Нағима Қабылқызы Есқалиева 1954 жылы 3 ақпан күні Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Фабричный кентінде жұмысшы отбасында дүниеге келген. Қарапайым отбасында дүниеге келген. Бала кезінен актриса болуды армандады.
Қазақстанның қазіргі көптеген эстрада жұлдыздары эстрада цирк студиясында қанаттанды. Соның бірі – Нағима Қабылқызы Есқалиева. Оның ұстазы Қазақстанның әйгілі өнерпазы – Лаки Кесоглу. Студияны 1973 жылы тәмамдады. Алматы музыкалық училищесін бітірген. Әншінің есімі 1979 жылы “Әнмен өрнектелген өмір” Бүкілодақтық жас әншілер сайысынан соң эстрадалық музыканы сүюшілер арасында белгілі бола бастады. Жастардың «Алло, мы ищем таланты!» сайысында дипломант атанды. Оның осы сайыста өнер көрсетуі үлкен табыспен өтті. 1977 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірді. Осы жылдан бастап «Қазақконцерт» бірлестігінде екі жыл бойы әншілік жолда болды да, 1978 – 1983 жылдар аралығында «Гүлдер» ансамблінің әншісі. 1979 жылы ол әртістік күшін Бүкілодақтық жас әртістер сайысында Ленинградта сынайды. ХІХ Халықаралық эстрада әндеріне арналған «Алтын Орфей» фестивалінде бірінші сыйлықты иеленді. Әнші даусының диапазоны кең, эстрадалық музыка мәнерін жақсы сезінеді. Оның репертуарында әр түрлі жанр мен бағыттағы қазақтың халық әндері мен қазіргі замандық композиторлар әуендері бар. К. Дүйсекеевтің “Сәлем саған, туған ел”, С. Бәйтерековтың “Күнге табыну” және тағы басқа әндер оның орындауында әнмен айтылған өмірге айналды. 1996 жылы ол Қазақстанның талантты балалары үшін эстрадалық шеберлік студиясын ұйымдастырды. 1984 жылы Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ол музыка өнерпаздары ортасында Қазақстанның халық әртісі атағы берілген ең соңғы әртіс.
Қазақ елі үшін орны ерекше әншіні біз де туған күнімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыстар тілейміз!
Осы орайда әншінің жастық шағындағы қызықты суреттері мен видеоларын назарларыңызға ұсынамыз.