Мәдина Сәдуақасова туралы «таңғажайып төрт» факт

Қоғамға қатысты кішігірім комментарий бермек түгілі, өз өмірі жайлы арнайы сұхбат беруі сирек әншілердің бірі - Мәдина Сәдуақасова. Өткен жылы ол тұрмысқа шығып, сосын ұлды болғанда ел кәдімгідей дүрлігіп еді. Әсіресе, әлеуметтік желілердің жарыла жаздағаны рас. «Қазақстан даусында» қазылық еткені болмаса, осы бір жыл ішінде еш жерде ол өзінің жеке өмірі жайлы ләм деп аузын ашқан жоқ. Содан да шығар, ел арасында «Мәдина өй депті, бүй депті» деген сөздер тарап кетті. Соның қайсысы қауесет, қайсысы рас? Күні кеше ол Астана арнасындағы «Сырласуға» қонақ болды. Сонда сол жерден көкейде жүрген күмәнді жайттардың жауабын тізіп алып едік...

1.Мәдинаның «Forbes» журналындағы бай әншілер тізімінде төртінші екені рас па?
– Қалай десем екен?.. Роза Бағланова «Халық өзінің жақсы көретін әншісін аш қалдырмайды, тоңдырмайды және жаяу жүргізбейді» деген болатын. Расында, екінші рет тұрмысқа шыққанға дейін менде бәрі болды: Астананың орталығынан элиталы үй, түрлі қымбат әшекейлер, киім-кешек, бәрі-бәрі... бірақ, мен оған өзімді бай, бақытты сезінген жоқпын. Себебі кешке үйге келгенде мені сұп-суық бөлмелер қарсы алатын. Мені түсінетін, мені күтетін тірі жан жоқ... Кейде көз жасыма ерік беріп: «қашан менің өз отбасым болады екен?..» дейтінмін. Қазір менің жанымда күйеуім, балам, енем, екі қайным бар. Мейлі зәулім сарайда тұрмайтын шығармыз, бірақ бақытты болуымызға аядай болса да сол үш бөлменің өзі жеткілікті екен. Әр таңда ұлымның үйді басына көтере жылап оятқаны, бәріміздің соған азан-қазан болғанымыздың өзі сөзбен жеткізе алмас бір бақыт!

2. Олжаспен оны қосқан «оқыс оқиға» деген рас па?
– Осыған дейін еш жерде айтпаған едім, негізі оқиға былай болды: «Екі-үш жылдай бұрын Астанада жүрген кезімде кенет маған оқыс хабар жетті. Қоңырау шалып тұрған Алматыдағы пәтеріммен іргелес көршім екен: «Мәдина, сіздің үйіңіздің есігі ашық тұр, соған қарағанда, ұры түскен-ау» деді. Даусы дірілдеп тұр. Қапелімде не істерімді білмей сасқалақтадым да қалдым. «Құдай-ау, кімге айтамын, не істеймін?» деп тұрғанымда, неге екенін білмеймін, ойыма бірден Олжас түсті. Дереу ұялы телефонымдағы контактілер арасынан соның нөмірін тердім. Ол артық сөзге келместен, бірден айтылған адреске «ұшты». Артынша «Мәдина, өзіңе бекем бол, үй ішінің астаң-кестеңі шығып жатыр, ұры түсіпті» деді. Көндім. Не істей аламын. Бірақ мен ол «тонаудан» ештеңе жоғалтқан жоқпын, қайта өзімнің нағыз өмірлік серігімді таптым. «Мәссаған, бір ауыз сөзім үшін бар тірлігін тастап кірісіп кеткен адам, мені нағыз түсінетін адам осы уақытқа дейін менің жанымда жүрген екен ғой» дедім...

3. ...Қабдеш Жұмаділовтің келіні ме?
– Ия, рас. Шынымды айтсам, қазақта мұндай жазушы барын білсем де, шығармаларын оқымаған екенмін оған дейін. Бала күтіп үйде отырған бір жылда, «өз айыбымды өтедім».

4.Әнші тағы жүкті ме?
– Мен жайлы мұндай ақпарат қайдан шыққанын білмедім. Әйтеуір елдер қоңырау шалып, хабарлама жазып, әр түрлі желілер арқылы құттықтап жатты. Тіпті өзім де «солай боп қалды ма, шынында» деген ойға қалдым. (күлді) Бірақ, ол тек жақсы сөз болды... Кім білсін?..
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста