Әуелде әлеуметтік желіде балалар жүрсе үрке қарасақ, қазір тіпті оларға сүйсіне қарайтын болдық. Тіпті ата-аналар өз балаларының суреттерін салудан жарысқа түсіп кетті. Ал кей балалар өз парақшаларын өздері жүргізеді. Үлкен болғанымызды қайтейік, сол бүлдіршіндердің оқырман санын көргенде... жарыспақ түгілі, шаң қауып қаламыз. Сондықтан еріксіз олардың оқырманына айналамыз.
Сонымен өткен жылдың қорытындысы бойынша, Instagram-ның бірінші орыны Айару Бақытбекте!
1-фото Айару Бақытбек @aiarusha
Баян Есентаеваның қызы да анасынан аспаса, кем түскелі тұрған жоқ. Қазірдің өзінде оның Инстадағы парақшасына 117 мың оқырман өз еркімен тіркелген.
Айару да суретке түсудің шебері болып алған. Объектив алдында өзін модель секілді ұстайды. Сондықтан болар оған жазылуылар саны күн санап өспесе, кемімей тұруының құпиясы.
Сылаңдаған суреті ғана емес, Айару қыздың аспаздығы өз алдына бір төбе. Торт, бәліш дейсіз бе, түрлі тәттілердің рецептімен бүлдіршін қыз бөлісіп те тұрады.
2. @mr__sayat деген аккаунт иесі үш жасар алматылық Ілиястың да оқырманы 23 мыңнан асып жығылады. Арасында тіпті шоу бизнес өкілдері де бар.
Атан-анасы Ілиястың кейбір әншілермен бірге ән салған суреттерін де жиі жариялайды. Және кішкентай болса да, бұл бала анау-мынау емес, жоғарғы қауым өкілдерінің арасында кең танымал.
Софи Манасян @sofimanasyan
Кішкентай - хореография саласы бойынша ЮНЕСКО-ның мүшесі. Себебі өзі еліміз ғана емес, тіпті Ресей, Италия сынды елдерде өткен халықаралық байқаулардың жеңімпазы. т Сүйкімді Софидің аккаунтында 20 мыңнан аса оқырман бар.
Софи де атақтылармен суретке түсуден бәйгенің алдын бермейді. Қазақстандың жұлдыздар ғана емес Софи сұлудың парақшасынан әлем жұлдыздарын көруге болады.
@nurmuhammed_ibragim
Инстаграмда «Кішкентай Мейрамбек» деген атқа ие сүйкімділігіне көз тоймайтын бүлдіршінге тіпті Баян Есентаеваның көзі түскен.
Ән салып тұрғандағы бейнелерін үздіксіз өз парақшасында жариялап тұратын Нұрмұхаммедтің оқырманы әзірге 33852, біз бұл мақаланы жазып үлгергенше оның оқырманы екі-үш есе көбейе түсті.
Даниал Ускенбай @danialuskenbay
Әйгілі тележүргізуші Динары Сәтжанның ұлы да инстаграмның белсенді қолданушыларының бірі.
Оның лентасында да танымалдар аза емес, бірақ өзгелерден бір ерекшелігі баланың әзілкештігі әр фотосынан байқалып қалады.