Ел ішінде есімі жақсы таныс, әнші Ильяс Байбосынов «қыз ұрлады». Сүйгеніне сезімін білдіріп, шынайы махаббатын жеткізу үшін ол неге мұндай қадамға барды деп таңырқап қалдық.
Сөйтсек, әнші қоржынын жаңа бейнебаянмен толықтыруға жұмыстанып жүр екен.
Жақын күндері тұсауы кесілетін бейнеклип Асқар Дүйсенбінің сөзіне жазылған, Бек Бөрібиевтің «Сүйші жаным» деп аталатын әніне түсірілген. Қазір әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түсірілім жұмыстары толықтай Алматы қаласының аумағында өткен.
Әзірге әнші эстрадамыздағы бойдақтар қатарында. «Үйлену жоспарымда бар» дейді. Сүйіктіңізді ұрламай-ақ, ата-баба дәстүрімен құдаласып, қазағымызда тағы бір шаңырақ көбейсін дейміз.
Ал, оқиға желісі қызықтырып отырған сужаңа бейнебаянды көрермендер асыға күтеді.