Әнші Төреғали Төрәлінің жұбайы енесіне өз алғысы мен ыстық лебізін білдіру үшін, оған жантебірентерлік өлең жолдарын арнады. Толқын балаларының дүбірлі тойында күйеуінің анасына әсерлі өлең шумақтарын оқып берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Толқынның өлең оқып жатқан сәті Instagram желісіндегі парақшаларда таралып кеткен.
Видеода әншінің келіншегі анасындай болып кеткен енесіне ыстық ықыласын білдіріп жатқаны көрініс тапты. Ол жыр шумақтарын оқып жатқанда, мейрамханадағы үлкен экранда Төреғалидің анасының суреттері көрсетілді.
Келіннің енесіне деген махаббатына куә болған той қонақтары Толқынға бірден шапалақ ұрып, қолдау білдірген.
Ал бұл видеоға сүйсінген желі қолданушылары жұлдызды жанұядағы татулыққа тәнті болып, ақ тілегін жаудырды.
"Қандай керемет көрініс. Мұндай ене-келін қарым-қатынасы қазіргі таңда жоқтың қасы. Жарайсыздар, ұзағынан болсын. Үлгісіздер көпшілікке" , "Тамаша, Толқын жарайсың. Енені осылай сыйлап құрметтеу керек", "Өте тәрбиелі әрі инабатты келін. Сізден үлгі алсын басқалары" , "Татулықтарыңызға ризамын. Әрдайым осылай бола берсін" , "Тілден сақтасын. Өте тамаша отбасысыздар" , деп жазуда желідгілер.