Белгілі қазақстандық әзілкештің жұбайы қаржылық пирамида құрып, мыңдаған шымкенттікті тақырға отырғызды

Танымал әзілкеш, "Нысана" театрының актері Нұрбол Айтұловтың жұбайы Алтынай Серғазықызы алаяқтықпен айналысып, сан соқтырып кетті деп Шымкент қаласының тұрғындары арыздануда. Олардың сөзіне сенсек, шетелдік компанияға инвестиция салуды жарнамалаған әзілкештің жарына сеніп, миллиондаған ақшасынан айырылған. Stan.kz тілшісі қаржылық пирамиданың құрбаны болдық деген тұрғындармен байланысып, істің мән-жайын сұрап білді. 

Алматы облысының тұрғыны Әсет Баймолдин 1100 доллар салдым, бірақ мен бұл компанияға соңғы уақыттарда қосылған едім дейді. Мен келген соң 5-6 күннен кейін жабылды деген ол енді ақшасын қайтара алмай отырғанын айтады. 

 

"Мен бұл компания туралы еш жерден естімедім, өзім іздеп барған жоқпын. Маған танымайтын бір қыз ватсабыма шығып, осындай компания деп таныстырып, ақша салып көріңіз деп айтты. Жақсылап сұрағанымда инвестиция құюың керек деп түсіндірді. Бұған дейін бұл туралы естіп білгенім бар еді. Содан чаттарына қосылғанымда Гүлмира есімді лидері сабақ жүргізді. Мен жіберіп жатқан құжаттарын жіті тексеріп, неге мөр жоқ, мына жерде неге бұлай деген сынды сұрақтар қоя бастаған соң маған қырын қарай бастады", - деді Әсет. Бірақ әрбір келген адамнан айрылып қалмауды көздейтін компания өкілдерінің бірі Әсеттің өзімен жеке сөйлесіп, сендіруге тырысып, ағынан жарыла ақпарат берген. "Аға, құйған ақшаңызды еселеп қайтарып аласыз" деп батыл сөйлеп сенімге кірген. Оның сөзіне сенген Әсет әуелі 100 доллар салып, тексеріп көрген. Содан үш күн бойы 1,5-1,7%-бен ақша түсіп тұрғанына көзі жеткен Әсет ойланбастан 1000 долларды құя салады. Бұл жолы үміт ақталмай, 3-4 күннен соң сенген компаниясының жабылғанын естіп сан соққан. 

Әсеттің айтуынша, жіберген ақшасы Татьяна есімді көкшетаулық келіншектің есеп шотына түсіп отырған. Айдың-күннің аманында майдай термен тапқан ақшасынан айрылып қалған Әсет Татьянаға хабарласқанда, келіншек өте сабырлы түрде өзі де алданғанын айтқан көрінеді. Ал қалған келіншектердің ақшалары Нұрбол Айтұловтың жұбайы Алтынайға түсіп отырғандықтан арызды сол кісінің үстінен жазған.

"Барлық шағым Алтынайдың үстінен түсіп отыр, өйткені шымкенттік зардап шеккен келіншектердің ақшасы соның шотына түсіп отырған. Сондай-ақ Қазақстан бойынша компания өкілі әрі лидері. Менің ақшам түсіп отырған Татьянаға хабарлассам, мені компанияға әкелген Иван, оның кім екенін танымаймын, интернетте таныстым, мен де құрбан болдым деп отыр", - деген Әсет мына жақта қаншама келіншек соңғы ақшаларын салып, сан соғып қалған соң күйеулері ұрып, қазір ауруханаға түсіп жатқандары бар дейді. Тіпті, баспаналарын сатып, ақшасын компанияға салғандар бар. 

Осы компанияға Алтынайдың айтуымен кірген келіншектерден пікір алғанымызда істің күмәнді тұстары өте көп екенін айтады. Өйткені Алтынайдың сөзіне сенім жоқ, әр жерге әртүрлі ақпарат беріп отыр дейді. Алтынай кінәлі болса, өз жазасын заң жүзінде алса екен деген тілегі бар. 

Өзін Айнұр Серкешова деп таныстырған шымкеттік келіншек 4000 доллар салып, бармақ тістеп қалдым дейді. 

"Біз шырылдап жатқанымыз бір топ адам ғана, Қазақстан бойынша қаншама адам өз өкінішін жеткізе алмай отыр. Біз Алтынай Серғазықызының ұйымдасқан ақша пирамидасына алдандық, құйған ақшаңыз 5 есе, 10 есе боп қайтады деп сендірді, арнайы презентациялар өтті, оған дәлел де жетеді. Барлығымыз да сеніп, біріміз кредит алып, біріміз үйімізді саты, қазір далада қалдық. Әр нәрсенің сұрауы бар, бұл өте қомақты ақша, Алтынай Серғазықызы өзін "Алтынай ханым" деп таныстырды және жұбайы "Нысана" әзіл-сықақ театрының актері Нұрбол Айтұловтың халық алдында жүрген адам деп сеніп едік. Ақша аударатын реквизиттерді өзі беріп отырды, біз сол айтқан шотқа ақша аудардық. Чектер, яғни дәлелдеріміз де бар. Қаншама отбасылар осы ақша пирамдасына ақшасын құйып, жанжалдасып, әйелі күйеуінен соққы алып, ажырасып жатыр. Біздің талабымыз: ақшамызды қайтарып беруін талап етеміз", - дейді ашынған келіншек. 

Карантиннің кезінде жұрт ішерге ас таппай отырғанда миллиондап ақшаны қайдан тауып беріп жатырсыздар деген сұрағымызға шымкенттік тағы бір келіншек Алтынайдың кредит ал деп жол сілтегенін айтады. 

"Кредит алыңыздар, 45 күнде 3 есе қайтарып аласыздар деді. Бәріміз кредит алып, үйді кепілге қойдық. Мен бұл компанияға үйімді кепілге қойып жүріп 6 мың доллар салдым. Күйеуім бұл іске шатылғанымды білмейді", - деп айтқан ол аты-жөнін атаудан бас тартты. Өйткені күйеуі білсе, оңдырмайтынын айтады.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста