Бала күнінен өнер көрсеткен жұлдыздар

Әріптестері балғын балалық шақтың қызығын көріп жүргенде, бұл болашақ жұлдыздар үлкен сахнаға алғашқы қадамдарын басқан. 

Осы орайда балалық шағын болашағына арнап, кішкентайынан  өнер көрсетіп келе жатқан жұлдыздардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Мейрамбек Бесбаев

1992 жылы Мейрамбек Бесбаев «Прощаться не хочу» фильміне түскен. Фильмдегі жас Мейрамбектің орындауындағы «Алғашқы махаббат» әні талай көрерменнің жүрегінен орын алған.

Қазір Мейрамбек Бесбаев  еліміздің сүйікті әншілерінің бірі.

Мадина Садуақасова

Мадина Садуақасова үлкен сахнаға  1992 жылы «Әнші балапан» байқауы арқылы келген.

«Әнші балапаннан»  кейін Мадина басқа да көптеген ән байқауларда бақ сынайды. Әсіресе,  оның  «Музыкальный вояж» байқауында көрсеткен өнері көрерменнің есінде ерекше сақталып қалған. 1999 жылы әнші «Жас Қанат» байқауында бас жүлдені иеленген. Осы жерде ол ең алғашқы рет Роза Қуанышқызымен кездесіп, дуэтте ән салуға мүмкіндік алған. Сол жылы Мадина «Азия Дауысы» ән байқауында да керемет өнер көрсеткен.

Дильназ Ахмадиева

Дильназ ең алғаш 4 жасында «Волшебное яблоко» атты фантастикалық фильмге түскен. Кейіннен ол сол кезде танымал болған  «Аист на крыше» әнін Алматы қаласындағы  Ұйғыр театрының сахнасында орындаған.

10 жасында қазақстандық телеарна оны 30 минуттық  бағдарламаға түсірген.  1993 жылы  Дильназ  алғашқы рет Алматы қаласындағы Республика сарайында ән салған.

Жанар Дұғалова

«Turkvizyon-2014″ Жанардың ең алғашқы байқауы емес. Оның есімі халыққа танылғанына көп уақыт болған жоқ, дегенмен әнші сахнада бала күнінен өнер көрсеткен. Ол  «Әнші балапан» және «Жас Қанат» байқауларына қатысып, жеңімпаз атанған.

 

Алишер Каримов

Алишер 5 жасында «Әнші балапан» бақауына қатысып,  «Ялла» тобының «Чайхана»  әнін орындаған. Нәтижесінде «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша марапатталған.

Динара Қырықбаева

Динара  «Әнші балапан» байқауына қатысқанда 5 жаста болған.

Көрермендердің есінде оның «Айгөлек» байқауындағы көрсеткен өнері ерекше сақталып қалған. Осыдан кейін әнші толықтай шығармашылыққа бет бұрған.

Фарида Жолдасова

Әнші, Ұлықпан Жолдасовтың қызы  Фарида әншілікке бала кезінен келген. Ол да көптеген әншілер секілді «Әнші балапан» байқауына қатысқан.

Қазір Фарида жеке шығармашылығын жетілдіріп келеді. Оның алғашқы әнін әкесі жазып берген. Ең танымал әндерінің бірі — «Неге солай».

Алмас Кішкенбаев

Алмас та ән айтуды бала күнінен бастаған. 1996 жылы ол халықаралық «Айналайын» фестивалінің қатысушысы болған. Сондай-ақ, сол жылы Парижде өткен «Молодые, талантливые дети» және Қырғызстандағы «Меир» байқауында бақ сынаған.

Али Оқапов

Әнші К. Байсеитова атындағы музыкалық мектептің фортепиано сыныбын аяқтаған. Оқып жүрген кезде ол «Дельфийские игры», «Алматым журегiмде», «Актобе jazz» сынды бірнеше байқауға қатысқан.

Бүгінде еліміздің сүйікті әншілерінің бірі.

Карина Абдуллина

Карина әншілікке ерте келген. Ол тек  «Әнші балапан» ғана емес, ресейлік «Утренняя Звезда» байқауына да қатысып,  жеңімпаз атанған.

Ерболат Кудайберген

Сену қиын, дегенмен Ерболат та «Әнші балапан» байқауы арқылы үлкен сахнаға қадам басқан екен.

 

 ztb.kz сайтынан аударылып алынды

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста