Танымал продюсер Баян Есентаева Instagram желісіндегі парақшасына өзінің және өзі басқаратын жоба қатысушыларының ғана емес, отбасы мүшелерінің фотоларын да жиі енгізеді.
Жақында әнші өзінің үлкен қызы Айсәуле Бақытбектің суретін салды. Бір құшақ гүл ұстап тұрған Айсәуленің тура өзінен айнымай қалғанын жеткізген Баян қызына қысқа юбка киюге қарсы еместігін де айтқан.
"Қысқа юбканы әңгіме қылмасаңыздар да болады. Мен өзім де қысқа юбканы жақсы көрем. Ештеңеге қарама, қызым. Жас кезіңде кие бер", - деген Баян желідегі жазбасында.