"Жігіттер" квартетінің мүшесі Айдар Тұрғамбек кезекті сүндет тойда ән салып жатқанда ыңғайсыз жағдайға қалды. Әнші енді бұдан былай той иелерінен мейрамханаға баланы жылқымен кіргізбеуді өтініп сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айдар Тұрғамбек дүбірлі той басында орын алған ыңғайсыз жағдайдың видеосын тіпті Instagram желісінде жариялап қойған.
Ол мұндай оқиға болашақта қайталанып қалса, қуанышқа ортақтасып келген қонақтар мерекелік шарадан жағымсыз әсер алып қалады деп алаңдайды.
"Өтініш ағайын. Сүндет той жасайтын болсаңыздар атпен емес, тақпен кіргізейікші. Неге десеңіздер, оң жақтағы атқа мұқият қараңыздар. Байқадыңыздар ма?
Тағы музыкаға үркитіні бар. Түсінемін атпен шығу салт-дәстүр екенін, бірақ тойхананың ішінде ыңғайсыз" , - деп жазды ол.