Танымал әнші Асхат Тарғын екінші рет әке атанды. Елді “Чип-чип-чип” деп талай тойда билеткен әншінің жары ұл баланы дүниеге әкелді.
Бұл туралы "Жұлдыздар әлемі" сайты хабарлайды.
АСХАТ КЕЛІНШЕГІМЕН БІРГЕ
Екінші рет әке атанған Асхаттың бірінші некесінен Айым есімді қызы бар. Өнерге таласы бар Айым бүгінде түрлі байқауларда жеңіске жетіп, әкесімен бірге өнерін дамытуда.
<video id="yaVideoPlayer_515334" x-webkit-airplay="allow" preload="none" width="100%" height="100%" playsinline="playsinline" webkit-playsinline="webkit-playsinline" ></video>
Естеріңізде болса, Асхат Тарғын осы жылдың сәуір айында екінші мәрте шаңырақ көтеріп, өзінен он екі жас кіші бойжеткенді шаңырағына қондырған болатын.
Ол дүркіретіп той жасап, күллі қазақтан сүйінші сұраған еді.