Алпыс жасқа толған отандық әнші тоқал алуға қарсы еместігін айтты

Алпысты алқымдаған отандық әнші Құдайберген Бекіш тоқал алатындарды сынайтындар қатарында еместігін айтты. Отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында ол бұл мәселеге түсіністікпен қарайтынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

 

 

 

 

Құдайберген Бекіш бүгінде алпыс жасқа толып отыр. Осыған орай ол Астанада үлкен концерт бермек ойы бар. Сонымен бірге әнші жуырда продюсерлікпен айналысып, кино түсіру туралы "Hit TV" арнасы арқылы жоспарымен де бөлісті.

"Биыл ұлым Жүргенов академиясын тәмамдап жатыр, режиссерлік бөлімін. Бұл тұста қазаққа пайдасы бар, рухы бар, айтайын деген ойы бар кино түсіру арманым. Арман орындалады деп жатады ғой, менің ойымша сол арманым орындалады", - дейді ол.

Сонымен бірге Құдайберген Бекіш екінші әйел алуға еш қарсы еместігін айтты.

"Әйел алу деген әркімнің пешенесіне жазылған дүние. Егер алып, біреуді бақытты етем деп жатса, отбасын жылатпай, отбасының келісімінен болса, онда неге алмасқа?! Ал менің алуға уақытым болған жоқ, екіншіден сол ескірмеген махаббат болып жүрміз. Махаббатымыз ескірмейді деп ойлаймын. Өмірдегі бар ойым әйелім аман болсын, балам аман болсын. Сөйтіп жүрміз", - дейді әнші.

Естеріңізге болса, бұған дейін тоқал алуға отандық әнші Саят Медеуов те қарсы емес екенін айтқан болатын.

 

 

 

 Nur.kz
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста