100 жасаған отандық актриса тән ләззаты туралы өлең оқып таңғалдырды (видео)

Биылғы «Театр көктемі» фестивалі қазақ сахнасының айтулы актрисасы Хабиба Елебекованың 100 жасқа толуына арналды. Мерейтойлық кешінде қарт әртіс театрға жиылған жұртты таңғалдырды.

Фото: cultural.kz

Жүз жасқа келген кейуана театрға жиналған жұртқа Мағжан Жұмабаевтың тән ләззаты туралы өлеңін жатқа оқыды.

«Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да,

Жылы, тәтті у тарады қаныма,

Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін,

Патша тағы, бүкіл дүние малына», - деп жүзге келсе де, таң қалдырудан жаңылмаған жанның шын өнеріне  көпшілік бас иді.

93 жасында “Біржан сал” киносына түскен Хабиба ана жасы егде тартса да, қарттықтың өнерге шектеу бола алмайтынын дәлелдеді, деп хабарлайды 31 арна.

Бұған дейін қазақта жүзге жеткен артистердің болмағанын айтқан Асанәлі Әшімов сахна төріне биыл бір ғасырға аяқ басқан Айша Абдуллинаны шақырды. Шымкенттен арнайы келген актриса құрбысын құттықтап, көпшіліктің қолқалауымен қонақ кәде жасады.

« Өнерге деген, өмірге деген сүйіспеншілігін бойына мол дарытқан адам. Бүгінде біз тағылым ретінде, сол кісіден ғибрат ретінде көп нәрсені үйренудеміз. Бұл теардың мәртебесі, драма театр арқылы бүкіл қазақ өнерінің қуанышы», - деді М.Әуезов атындағы академиялық драма театрдың директоры Ерлан Біләл.

Жұртшылық қошеметіне бөленген кейуанаға Президенттің құттықтау хаты табысталды. Бала, немересіндей болып кеткен әншілер қауымы өнер көрсетіп, тұлғаның туған жерінен келген ел азаматтары Қарқаралының ыстық сәлемін жеткізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста