Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – басты міндетіміз

«Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса,Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» демекші, әділдік жоқ жерде пара белең алады. Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өзге мемлекеттік органдармен және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарып келеді. Жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің жемқорлыққа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, «2017 жылға арналған қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнін­дегі кешенді жоспар» аясында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмы­сына аудан әкімінің орынбасары, аудан­дық соттың судьясы, аудандық про­куратураның прокуроры, аудандық ІІБ басқармасы басшысының орынба­сары, «Нұр Отан» партиясының және мем­лекеттік мекеме басшылары қатысты.Аудан әкімінің негізгі бағыттарының бірі – әкім аппаратындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты шаралар өткізу және жемқорлық пен құқық­бұзушылықты туғызатын себептер мен жағдаяттардың алдын алып, оларды жою, мемлекеттік қызметшілердің білімін көтеру, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шаралардың жария­лылығы мен ашықтығын үйлестіру. Мұнда қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру арқылы аудан тұрғындарының арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.Наурызбай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жалпы құқықтық оқулар тұрақты түрде өткізіліп отырады және осы оқулар барысында ҚР қолданыстағы заңнама­ларының нормалары талқыланып, мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік, құқықтық зардаптар туындайтыны, сондай-ақ, жыл сайынғы декларация­ларын өткізу тәртібі туралы түсіндіріледі. Жаңадан мемлекеттік қызметке тұрған азаматтардың ант беруі де жемқорлыққа қарсы күресті күшейте түсері хақ.«Жемқорлықсыз мемлекет – өркен­деген мемлекет» партиялық жобасының аясында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіліп тұрады. Отырыс барысында мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, аудандық ішкі істер басқарма­сындағы жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл ісінің жағдайы туралы және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына түскен өтініштерді талдау мәселелері қаралды.Рухани ізгілік және азаматтық патриоттық сезімге тәрбиелеу мақ­сатында аудан мектептерінде оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Ауданның барлық мектептерінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы, «Парасатты азамат» бұрышы құрылған. 2017 жылдың қыркүйек айында құрылған «Адал ұрпақ» клубтары мектептегі сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жұмыс істеп келеді.Мұндай жұмыстар аудандағы денсаулық сақтау мекемелерінде де өткізіледі, атап айтқанда, жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелеріне қатысты семинарлар, «дөңгелек үстелдер» мен кездесулер түрінде тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Сондай кездесулер мен түсіндірме жұмыстары №1 қалалық клиникалық аурухана қызметкерлерімен де ұйымдас­тырылды. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері қатысты. Ұйымдарда орнатылған мони­торлар арқылы мемлекеттік және орыс тілінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына бейнебаяндар таратылады. Осы жылдың қаңтар айында «Нұр Отан» партиясының Наурызбай аудандық филиалы жанындағы Жемқорлыққа қарсы күрес» жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпора­циясының әлеуметтік төлемдерді есептеу жөніндегі орталық қызметкерлерімен де кездесу өткізілді.Сондай-ақ, осы жылдың бірінші тоқсанында «Жемқорлықсыз мемлекет» атты тақырыпта «Іле Алатауы» мемлекеттік қорығы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Онда мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, оның қолжетімділігі мен ашықтығы туралы өзекті мәселелер талқыланды. Наурызбай ауданы әкімі аппараты жемқорлық әрекеттерге жол бермеу мақсатында аудандағы ПИК, саяжайлар серіктестігінің төрағаларымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Жұмыс барысында пәтерақының, басқа да қызметтер үшін төленетін мемлекеттік төлемдердің уақтылы төленуі, қаржы-қаражатпен атқарылатын жұмыстарда жемқорлыққа жол бермеу мәселесі қатаң ескертіледі.Көлеңкелі экономикаға жол бермеу мақсатында аудан әкімі аппараты аудан­дық мемлекеттік кірістер басқармасы мен ауданда орналасқан базарлардың әкім­шілігімен бірлесіп жұмыс істеу, жеке кәсіпкерлікті дамыту және олардың дер кезінде тіркелуін қамтамасыз ету, салық төлемдерін уақтылы төлеп тұру жөнінде тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында меморандум жасалған болатын. Бүгінде осы меморандум аясында салық төлем­дері, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сауда мәдениетін арттыру бағы­тында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.Аудан азаматтарының сенімін нығайту, аппарат қызметінің ашықтығын көтеру, тұрғындардың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және лауазымды тұлғалардың «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» нормаларын бұзу, азаматтардың құқын бұзу, жемқорлық жасап, құқық бұзу фактілері туралы уақтылы хабарлауға мүмкіндік жасау және жедел қимылдау мақсатында сенім телефоны жұмыс істейді.Сонымен қатар, аудан әкімі аппараты ғимаратының кіреберісіне жемқорлық көріністері, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілеріне қатысты тұрғындардың арыз-шағымдарына ар­налған жәшік орнатылған. Арыз-шағым­дарды түсуіне қарай жауапты қызметкер алып отырады. 2016 жылы және 2017 жылдың І тоқсанында аппарат қызмет­керлерінің тарапынан сыбайлас жемқор­лыққа қарсы заңнама талаптарын бұзу әрекеттері туралы азаматтардан шағым түспеген.Әкім және әкім орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының азаматтарды арнайы жеке қабылдау күндері мен сағаттары, қабылдау кестесі белгіленіп, жалпы шолуға қолайлы орынға және аудан әкімінің интернет-ресурсына орналастырылған. Сол жерде телефондары мен бірінші басшылары көрсетілген аудан қызметтері, оның ішінде құқық қорғау органдары туралы ақпаратты да табуға болады.Жергілікті полиция қызметкерлері аудандағы тұрғын үйлерін заңсыз жалға беріп отырған тұрғын үй иелерін анықтап, олардың жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тауып отырған табыс есебінен салық төлеулерін талап етуде. Бұл шара­ның да басты мақсаты – экономи­камызда орын алып отырған көлеңкелі бизнеске жол бермеу болып табылады. Егерде тұрғын үйлерін жалға берушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, дер кезінде салық төлемдерін төлемеген жағдайда оларға ҚР Салық жөніндегі Заң талаптарына сәйкес, заңбұзушылық фактілерін қалыпқа келтіру жөнінде ескерту беріледі. Өткен жылы аудан бойынша 205 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұрса, осы жылдың 1 тоқса­нында 201 тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды жұмыс істеуде. Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау және «ҚР 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және көлеңкелі эконо­микаға қарсы іс-қимылды» жүзеге асыру жұмыстары Наурызбай ауданы әкімі аппаратының тұрақты бақылауында. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады. Бүгінгі ең басты міндет – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болмақ.Еркенұр ЕРЗИЯ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста