Қызылорда облысында көңілдесін өлтірген экс-полицей сотталды

Қызылорда облысында көңілдесін өлтірген экс-полицей сотталды

 Қызылорда облысында бұрынғы полицей көңілдесін өлтіргені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, бұрынғы полицей марқұм қызбен жақын қарым-қатынаста болған. Ол өз кінәсін мойындайды, оның айтуынша, көңілдесі мұны бопсалап, одан үнемі ақша талап еткен, бұл олардың ажырсуына себеп болады. Бірақ екі жылдан кейін қыз қайтадан қоңырау шалып, татуласуды ұсынады да, қарызға 150 мың теңге сұрайды. Ер адам кездесуге келісіп, оның үйіне түнде келеді.

"Қыз үйінен шығады, содан кейін олар елді мекеннің сыртына шығады. Ер адам автокөліктің артқы орындығына отырып алып, оған егер қоңырау шала бермей, бопсаламай, отбасымды бұзбай, жайыма қалдырсаң ғана 150 мың теңге беремін дейді. Қыз оған "мұның мәселенің тек басы екенін" айтады. Сол кезде ашуланып кеткен ер адам оны оң қолымен тамағынан алып, сол қолымен ішінен ұра бастайды. Біршама уақыттан соң қыз тыныс алуын тоқтатады. Қорқып кеткен ер адам денені көліктен шығарып, қол-аяғын байлап, арыққа тастайды", - дейді сот өкілдері.

Қыздың мәйіті екі күннен соң табылды. Сот экс-полицейді кісі өлтіруге айыпты деп танып, оны қатаң режимдегі колонияда 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарады. Сотталушы полиция майоры атағынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мұның алдында Қызылордада қарамағындағы адамды өлтіргені үшін ювеналдық полиция бастығы Берік Шиманов сотталған еді. Полиция капитаны Нұрбек Шүменов қаржы полициясына ювеналдық полиция басшылығының қызметкерлерден үнемі ақша жинайтынын айтқан. Сол себепті Шиманов оны өлтіруді ұйғарады. Сот оны бас бостандығынан 24 жылға айырды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста