Елімізде «егіз көліктер» пайда бола бастады

Елімізде «егіз көліктер» пайда бола бастады

Елімізде егіз көліктер пайда бола бастады. Яғни Ресей мен Белоруссиядан тасымалданатын темір тұлпарлардың кейбірі бір-біріне өте ұқсас екен. Тіпті олардың қозғалтқышы мен шанағындағы тіркеу нөмірлеріне дейін бірдей. "Сондықтан оларды тисті органдарға тіркеп, заңдастыру да мүмкін емес", - дейді тәртіп сақшылары.

Кеден одағы елдерінен әкелініп жатқан көліктердің күдік тудыратынын алғаш болып алматылық блогер Дияс Уәлихан көтерген болатын. Жас жігіттің айтуынша, сырттан автокөлік әкелген азаматтардың кейбірі оны тіркей алмай әлек болып жүрген көрінеді. Өйткені бұрын ұрланып, кейіннен тиісті құжаттары мен тіркеу нөмірлері түгелдей өзгертілген темір тұлпарларды заңдастыруға ешкімнің жүрегі дауаламайды. Сондықтан алаяқтардың арбауына түскендердің шағымдануға да батылы бармайтын сияқты.

Дияс УӘЛИХАН, блогер:

- Көбінесе түр-түсі, шығарылған жылы бір-біріне сәйкес келетін көліктер ұрланады. Кейін олардың шанақтағы нөмірін қолдан соғып, заңсыз құжат жасатады. Алайда оның ұрланған көлік екенін тек Қазақстанға әкеліп тіркеуге қоярда ғана біліп жатады азаматтар.

Шетелде ұрланып, елімізге жалған құжатпен кіргізілген көліктерді бағасына қарап ажыратуға болады. Мәселен ғаламтордағы хабарландыруларда мұндай темір тұлпарлардың құны едәуір арзан көрсетілген. Тіпті оның иелері де дәл осындай көліктің Ресейде немесе Белоруссияда сыңары бар екенін жасырмайды.

Көлік сатушы: -«Егізі» дегеніміз ол егізі. Яғни бұл көліктің негізгі тұпнұсқасы бар деген сөз. Мәселен Ресейге ресми түрде кірген көлік болады. Ал мынаны соған сәйкестендіріп жасайды. Құрып кетсін, қалай түсінбейсіздер, оны тіркеуге қалай қоясыз?

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Ресейдегі қылмыстық топтар Қазақстанға кіргізілген көліктер туралы мәліметтерді жасырын алып, сол бойынша екінші бір көліктің құжаттарын жасайды екен. Түр-түсі мен тіркеу нөмірі бірдей көліктер соның негізінде пайда болған. Бірақ елімізге егіз көліктердің қаншасы әкелінгені белгісіз. Себебі ол туралы нақты мәлімет жоқ.

Бауыржан НАХАНОВ, ҚР ІІМ ӘПК бөлім бастығы:

- Біз Белоруссия мен Ресейдегі әріптестерімізге ортақ ақпараттық жүйемізді сәйкестендіруге ұсыныс жасадық. Яғни бір-бірімізден онлайн режимде ақпарат алып отыруға болады. Қазір біздің дерекқорымыз үйлестірілмеген, сондықтан бұл мәселе шешіліп жатыр.

Алайда, ортақ ақпараттық жүйенің қашан жұмыс істей бастайтыны әзірге белгісіз. Сондықтан көрші елдерден көлік тасымалдайтын азаматтарға тек тәуекелге барудан басқа амал қалмай тұр. 

 

7 канал

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста