Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көліктік бақылау саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Сот үкімімен Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Қ. Құдайбергенов және оның сыбайласы Б. Шумбасова 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Антикор мәліметінше, екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басқарған, диагностикалық карталарды қолдан жасап, техникалық тексеруден өту туралы ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізді деп айыпталды.
«ҰҚТ-тың басқа он үш қатысушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, тағы 4 адамның 2 жылға бостандығы шектелді. Сондай-ақ, сот үкімімен басқа лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Барлығы олар 350 мыңға жуық автокөлік құралын заңсыз тіркеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ» деп жазылған хабарламада.