16-22 наурыз-Бес қонақ. Бес күн бұлың, кейде боран болады.
27-28 наурыз- Құс қанаты. Қалықтап қар жауады. Халық бұл ырымды «Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар» деседі.Осы қармен бірге жыл құсы ілесе келеді. Кей жылдары жаңбырға да ұласады.
4-5 сәуір-От амалы. Қыстың бір күндік соңғы бораны. Мұнан кейін қыс малға отты біржолата береді.
18-19 сәуір-Қызыр қамшысы. Аспанда алғаш рет найзағай ойнап, жаңбыр жауады. (Кей жылдары бір күндік суық та түседі) Отау-отау боп көкте жүзген жаздың бұлты шығады.
28-29 сәуір-Бүршік жарған. Бір күндік суық. Тобылғы, қараған бүршігін жарады.
9 мамыр-Қызыл жұмыртқа. Бір күндік салқын. Осы күні адал құстар қаз-үйрек жұмыртқасын жарып, қызыл-шақа балапанын шығарады.
17-24 мамыр-Құралай. Осы жаңбырмен қоса киік лағын өргізеді.
29-31 мамыр-Үркердің батуы. Үркер шалшыққа батса, яғни осы күндері жаңбыр болса, жаз жаңбырлы болады деген ырым бар. Осыдан бір аптадан кейін шілденің ыстығы басталады. Ол 40 күнге созылмақ.
15-17 сарша-Үркердің толғағы. Арқаның табиғаты бұзылмай тұрғанда бұл шамада аптаға созылған жаңбыр болған. Шілденің аптабынан кейінгі осы жауынды халық асыға күткен.
14-15 тамыз-Таразының тууы. Халық арасында « Таразы туа таң суыр» деген мәтел бар. Күз нышаны алғашқы суық білінеді.Бұлт қоюлана түседі.
21-22 қыркүйек-Сүмбіле жұлдызының тууы. Ел арасында «Сүмбіле туа су суыр» деген мәтел бар. Қабағын түйген күз жаңбырлатып өтеді.
4-5 қазан- Боқырау деп аталады. Алғашқы суық бой көрсетіп, боққа қырау тұрады.
14-19 қазан-Ақыраптың алты күні деп аталады. Бұл күндері қазақ жұлдызшылары тезектің өте майда күлін сағат сайын ұшырып отырып, желдің бағытын, күшін , бұлттың жоғары-төмендігін, алғашқы ұшқын қардың жобасын байқап, қыстың алты айындағы ауа райын болжаған.
18-19 қараша-Қараша қаздың қайтуы.Жаңбыр соңы көктайғаққа ұласады.
4-5 ақпан( М.Әуезов желтоқсанды ақпан айы дейді)-Қырбастың қызылы. Алғашқы аяз, Кей жылдары аяз күрт көтеріліп, 30-35 жетеді.
17-22-ХІІ ай-Теке бұрқыл. Арқаның атақты бораны. Осы шамада арқар мен киік жұптасады.
1-2 қаңтар-Күн таласы. Күн бойы көтереді дейді ел.Жапалақтап қар жауады (Кейде жаңбыр да сіркірейді).
17-27 қаңтар-Сары аяз. Қыс шілдесі деп те аталады. Аяздың шарықтау шегі.
3-5 Үт-Үркер ауған. Тас төбеге шарықтап шыққан үркер жұлдызы төбеден сәл батысқа қарай сырғиды. Осыдан кейін Арқада 30 градустан асар аяз болмайды. Бұл күндер бірер күндік борасын жүріп өтеді.
5-7 наурыз- Толқыма. Алғашқы жылымық, Үркер жамбасқа түсер.
17-19 наурыз-Май боран. Бес қонақтың бір күні. Босаға жұлдызының тууына орай Босаға басы деп те аталады.
"Көгілдір күмбез"
Кәмел Жүністегі
Жыл он екі ай амалдары
Последние статьи автора